Ынтымақтастық және демеушілік

Ғылымды бірге дамытамыз: сіздің үлесіңіз өте маңызды!

National Laboratory Astana (NLA) — биотехнология, медицина, экология, материалтану, энергетика және компьютерлік ғылым салалары бойынша ғылыми әзірлемелермен шұғылданатын еліміздің жетекші ғылыми-зерттеу орталығы.
Ғылымды қолдай отырып инновация мен технологияларды, сондай-ақ еліміздің бәсекеге қабілеттілігін дамытуға үлесіңізді қосу.

Сіздің көмегіңіз бізге мынадай мүмкіндіктер береді:
  • ғылыми зерттеулерді тездету мен инновацияларды енгізу
  • жас әрі келешекті жас ғалымдардың жаңа буынын даярлау
  • ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын жақсарту
  • ғылыми және өндірістік әріптестік үшін қалыпты экожүйе қалыптастыру.
NLA жетекші мамандар мен жас зерттеушілерді бірге жұмылдыра отырып өндірістің сан алуан салаларына қажетті айрықша шешімдер жасайды. Біз талдаулар жасаймыз, жаңа технологиялар әзірлейміз және де ғылыми жетістіктерді экономиканың нақты секторына енгізіміз. Алайда, ғылымның дамуы қоғам мен бизнес тарапынан тұрақты қолдауды талап етеді. Осы негізде біз Сіздерді, яғни отандық және шетелдік компанияларды осы маңызды бағытта сенімді серіктес болуға шақырамыз.

Көмек қалай жүзеге асады?
Қаржылық қолдау
  • Ақшасалымы – National Laboratory Astana дамуы үшін оның зертханаларын қолдау, жабдықтары мен шығыс материалдарын алу.
  • Ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыру – іргелі және қолданбалы зерттеулерді қолдау. Ғылыми конференциялар мен шараларға (форум, семинар, воркшоп) демеушілік жасау.
  • Келешекті зерттеушілерге стипендия мен гранттар беру.
Материалды-техникалық көмек
  • Зертханалық жабдықтар және шығыс материалдарымен жарақтандыру.

Әрдайым диалог жасауға ашыкпыз және де әріптестіктің жеке формасын талқылауға әзірміз. Демеушілік көмекті пайдалану барысында толық шынайылықты қамтамасыз етуге кепілдік береміз. Демеушінің талабы бойынша бірінші кезекте қаржыны жұмсаудың егжей-тегжейлі, нақты шығындар есебін, сондай-ақ жұмыс нәтижесінің барысы туралы соңғы ақпараттарды ұсынамыз.

Демеушілікті қалай жасаймыз?
Егер де Сіз демеуші боламын десеңіз, төменде көрсетілген байланыс пошталарына хат жазыңыз:
📩 Email: nla@nu.edu.kz
📩 Email: ebegaly@nu.edu.kz

📌 Бізге бүгін хат жазып демеушіліктің алғашқы қадамын жасаңыз!

This website uses cookies. Cookies remember your actions and preferences for a better online experience.