Назарбаев Университеті «NATIONAL LABORATORY ASTANА» жеке мекемесінің құрамына Өмір туралы ғылымдар орталығы және Энергетика және жаңа материалдар туралы ғылым орталығы кіреді.
Мекеменің негізгі мақсаты өмір туралы ғылымдар, энергетика, және де басқа пәнаралық ғылым саласы бойынша көпбейінді іргелі және/немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық, білімберу мен мамандарды даярлау бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру үшін ғылыми-зертханалық, тәжірибелік базалар, орталықтар, институттар құруды жүзеге асыру болып табылады.
NLA - орталығында 82 ғылым қызметкерлер жұмыс істейді. NLA-орталығы әлемнің 50-ден астам ірі ғылыми орталықтары мен университеттерінің серіктесі.