Conferences and Events

Өмір туралы ғылымдар орталығының «MODERN PERSPECTIVES FOR BIOMEDICAL SCIENCES» атты халықаралық конференциясы

Конференцияға АҚШ, Жапония, Италия, Франция, Швеция, Армения, Грузия және Қырғызстанның жетекші университеттерінің белгілі ғалымдары, Қазақстан Республикасының ғылыми ұйымдары мен мемлекеттік органдарының басшылары, мемлекеттік және коммерциялық білім беру ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары қатысады.

КОНФЕРЕНЦИЯ МАҚСАТЫ:

Биоинженерия және регенеративті медицина, жаһандық денсаулық сақтау, геномдық және дербестендірілген медицина, жүйелік биология және биоинформатика саласындағы өзекті мәселелер мен мүмкіндіктерді талқылау. Конференцияның басты назары биомедицина саласындағы инновациялық зерттеулер мен серпінді ғылыми әзірлемелер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға шоғырланған. Конференцияға қатысу Қазақстандағы ғылыми орталықтардың ғылыми әлеуетін нығайтуға және халықаралық ғылыми қауымдастықпен тығыз байланыс орнатуға үлес қосуға мүмкіндік береді.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

1. Сапалы ұзақ өмір сүру;

2. Нейродегенеративті аурулар;

3. Геномдық және дербестендірілген медицина;

4. Биоинформатика және жүйелік биология;

5. Микробиома және метаболома;

6. Биоинженерия және регенеративті медицина;

7. Клиникалық зертханалық медицина;

8. Ядролық медицина және медицинадағы радиациялық қауіпсіздік.

КОНФЕРЕНЦИЯ РЕСМИ ТІЛІ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАСЫ:

Ағылшын, (орысша – ілеспе аударма)

Конференция бағдарламасымен келесі сілтеме бойынша конференция парақшасында

танысуға болады: http://nla.nu.edu.kz.tilda.ws/page29902276.htmlTest
2023-03-26 16:57 Conferences and Events_KZ