Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі

March 17, 2016

2813202015 жылғы 18 қыркүйекте Назарбаев Университетінің «National Laboratory Astana» ЖМ-де  «SANTO Академиялық бағдарламасы» білім беру жобасы бойынша байқауға қатысқан жеңімпаз студенттерге атаулы стипендия мен гранттарды беру рәсімі өтті. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті жүзеге асыруға арналған бұл байқау 2013 жылы бастау алды. Республика бойынша жас ғалымдар мен студенттерден барлығы 21 ғылыми жұмыс байқауға қабылданды. «SANTO» компаниясымен ынтымақтастық 2013 жылы Өзара түсіністік Меморандумына қол қойылған соң орнатылды.  
2013 жылы "Регенеративтік медицина және сапалы ұзақ өмір сүру" тақырыбындағы ІІІ Халықаралық конференцияның аясында "Өмір туралы ғылымдар орталығы" және «SANTO» компаниясы атынан жас ғалымдар арасында алғашқы байқау жарияланды. Осы жылы байқау екінші рет өткізілді. Бұл байқауда зерттеу жұмысының ғылыми релеванттылығы, инновациялылығы, практикалық қажеттілігі мен жоба нәтижелерін Қазақстанда жүзеге асыру мүмкіндіктері сияқты бағалау өлшемдерімен ерекшеленді. Сол себепті қатысушылардың жоғары дайындықтағы дәрежелі болуын талап етуші бұл байқау ғылым мен тәжірибеде болашақ көшбасшыларға қолдау көрсету мен дамытуға мүмкіндік береді.
Грантты салтанатты табыстау Университет басшылығы атынан Ғылым жөніндегі Вице-провост Филипп Фроссард,  «National Laboratory Astana»,  Өмір туралы ғылымдар орталығының директоры, профессор Жақсыбай Жұмаділов, Экспериментальды клиникалық фармакология және фармация зертханасының  директоры Талғат Нұрғожин,  SANTO компаниясының бас директоры қызметіне ауысқалы отырған Ижи Урбанец және Польшаның Қазақстандағы Елшілігінің Хатшысы Анджей Бобер мырзаның қатысуымен Назарбаев Университетінің Сенат Залында өтті.
   «SANTO Академиялық бағдарламасы» білім беру жобасы бойынша фармацевтика саласындағы ғылыми және зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпаздары ішінде Назарбаев Университеті «National Laboratory Astana», Өмір туралы ғылымдар орталығының қызметкерлері де бар, олар: Бауыржан Умбаев, жетекші ғылыми қызметкер; Алма Ахметова, кіші ғылыми қызметкер; Әнел Қабдулина, ғылыми қызметкер; Айнұр Ахметова, ғылыми қызметкер; Әлия Қасенова, кіші ғылыми қызметкер; Карина Бектұр, зерттеуші көмекшісі; Динара Баисханова, кіші ғылыми қызметкер.
  Гранттарды табыстаудан бөлек Шымкент қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектеріне үш атаулы стипендия табысталды: Жақып Әдемі, Оразгелді Гүлмира, Жамболатова Аружан. Олар 2015 жылы Назарбаев Университетіне оқуға түсті. Стипендия бағдарламасы Шымкент қаласы Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында оқушыларға арналған ғылыми жұмыстар байқауы кезінде алғашқы рет 2015 жылы сәуірде жарияланды.