ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚР БҒМ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

December 22, 2020

Шыңғыс Серғазы мен Айым Қайырлықызы ҚР Білім және ғылым министрлігінің жас дарындарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегерлері атанды. Стипендия мемлекет үшін басым бағыттарда, кадрларды дайындауда іргелі немесе қолданбалы зерттеулер жүргізуге белсенді қатысатын дарынды жас ғалымдарға тағайындалады.

 

Сонымен қатар, Фархад Олжаев «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды, ол денсаулық сақтау саласындағы практикалық денсаулық сақтауды дамытуға, медицина ғылымын, білім беру мен инновацияларды дамытуға қосқан үлесі үшін.