Ғылыми зерттеу әдістері, жобалауы және менеджменті бойынша оқу семинары

March 17, 2016

26932028 шілдеден 11 қыркүйек аралығында Өмір туралы ғылымдар орталығы Ғылыми зерттеу әдістеріне, жобалауына және менеджментіне кіріспе атты оқу семинарын өткізеді.
Семинар кезінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностика орталығы, Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы АҚ «Ұлттық медициналық холдингінің» 29 қызметкерлері қатысады.
National Laboratory Astana, Өмір туралы ғылымдар орталығының директоры Жақсыбай Жумадилов: «Біз осындай семинарды үшінші рет өткізіп жатырмыз. Өмір туралы ғылымдар орталығының ғалымдары оқытушыр ретінде қызмет көрсетеді. Олар ғылыми және клиникалық зерттеулері облысында өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп ғылыми мақаларды жазу туралы ұсынымдар береді».
Семинардың басты мақсаты биомедициналық зеттеулерді клиникалық зерттеулерге интеграциялау және зерттеу әдістемесі мен құрылымына басымдылық жасап ғылыми жобаларды жазу, жобалау, жабдықтау мен менеджменті облысында білім деңгейін жоғарлату.
Он күндік семинар ғылыми зерттеу әдістері, жобалауы және менеджменті туралы дәрістер, дәріс материалдарын қамту бойынша жеке тестілеу, тәлімгермен бірге топтық сабақтар, ғылыми зерттеу жобасын дайындау және презентациялау бағдарламаларын қамтиды.
Өмір туралы ғылымдар орталығы Назарбаев Университетіне енетін Ұлттық медициналық холдингі мен Университеттің медициналық мектебі интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің бөлігі болып табылады.
Өмір туралы ғылымдар орталығының зерттеушілері Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары үшін қоғамдық денсаулық сақтау саласында, биомедицина, эпидемиология, жаһандық денсаулық сақтау және дербес медицина саласында өз білімдері мен тәжірибелерімен жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтары мен тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдерімен бөліседі.