Шанхайда қытайлық серіктестермен бірлесе отырып NLA зертханасы ашылады

June 14, 2017

Шанхайдағы ірі ғылыми-зерттеу медициналық орталығы болып табылатын Тунжэнь ауруханасында Астана Ұлттық зертханасымен бірлескен халықаралық зертхана ашылады. Онда асқазан-ішек жолдары ісіктеріне, неврологиялық ауруларға, жүрек-қан тамырлары ауруларына зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ қартаю процестерімен ассоцияланатын аурулар мен адамның қартаюына байланысты мәселелер зерттелетін болады.

Қытайлық әріптестермен келіссөздер жүргізудің барлық кезеңдеріне тікелей қатысқан  National Laboratory Astana Бас директоры профессор Жақсыбай Жұмаділовтің айтуынша Қазақстан-Қытай бірлескен жобасының ашылуы – екі жаққа да тиімді ынтымақтастық болып табылады және бұл ғалымдарға медицинаның маңызды мәселелерін шешу жолында тәжірибе мен білімдерін тезірек алмасуға көмектеседі.