Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру конференциясы өтуде

May 12, 2016

DSC_0214Бүгін Назарбаев Университетінде National Laboratory Astana-ның бастауымен «Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру» атты IV  Халықаралық ғылыми конференция өтті. Оның негізгі мақсаты регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру туралы ғылыми негіздегі өзекті мәселелер мен осы саладағы жетістіктерді тақылау болып табылады. Осы жылғы конференцияның басты тақырыбы - геронтология және биомедицина саласында инновациялық зерттеулер мен ғылыми жаңалықтар бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.  

Конференцияға Қазақстанның, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея елдерінің алдыңғы қатарлы университеттері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының әйгілі ғалымдары қатысты.  

«Регенеративті медицина ғылым мен биомедициналық өнеркәсібінің ең озық технологиялық және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады, сондай-ақ ол мемлекеттер мен ғалымдар арасындағы үнемі жаһандық білім  алмасуды талап етеді. Біздің конференция регенеративті медицина мен ұзақ өмір сүру саласындағы соңғы ғылыми жетістіктермен және әзірлемелермен танысу алаңына айналып, біздің елдеріміздің ғалымдары арасындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізі болады», - дейді National Laboratory Astana орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов.

«Инновациялық медицина, биоинженерия және жасушалық технология» конференциясының пленарлық отырысына әйгілі ғалымдар, биомедициналық индустрия өкілдері, атап айтқанда Оксфорд университеті Тұрақты медициналық инновацияларды жылжыту орталығының (CASMI) профессоры және негізін қалаушы Ричард Баркер, «BioViva Science» корпорациясының (Вашингтон, АҚШ) президенті Элизабет Пэрриш, Биогеронтология зерттеулері британдық қорының (BGRF) президенті, биомедицина және информатика саласының докторы Ави Рой, Сеул ұлттық университетінің Бағаналы жасуша зерттеу орталағының директоры (Оңтүстік Корея) Kyung-Sun Kang, Шанхай университетінің (Shanghai JiaoTong University, Қытай) био-нано-ғылым және инженерия департаментінің директоры, профессор Daxiang Cui қатысты.   

«Сапалы ұзақ өмір және геронтология», «Нейродегенеративтік және неврологиялық аурулар» атты басқа екі пленарлық отырыста Шарите университетінің профессоры (Charité - Universitätsmedizin Berlin, Германия) Керим Мутиг, Брайтон университетінің (Ұлыбритания) фармакология және бимолекулярлық ғылымдар мектебінің профессоры Пол Гард және басқа да белгілі ғалымдар қатысты.

Сонымен қатар, конференция аясында Қазақстан Республикасында геномдық зерттеулерді дамыту жөніндегі сателлит дөңгелек үстел өтті, сондай-ақ биомедицина мен биотехнологиялар мәселелеріне арналған жұмыстар ұсынылған, жас ғалымдар арасында дәстүрлі болған «Best poster presentation» байқауының қорытындысы жасалды.

Анықтама ретінде: 2011 жылы Астанада регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру жөніндегі бірінші конференция өтті. Онда геномика және жасуша биологиясынан эпидемиология және қартаюмен байланысты ауруларды емдеудің нақты әдістерін әзірлеу бойынша мәселелердің кең аясы талқыланды. Аталмыш конференцияға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және басқа да елдерден келген ірі халықаралық сарапшылар, атап айтқанда Алан Рассел, Джеффри Гинзбург, Обри де Грэй, Элисон Мэрдок, Кит Кэмпбелл және басқа да атақты ғалымдар қатысты. Конференция аясында пленарлық отырыстар, ауызша баяндамалар мен пікірсайыстар өткізілді.

Регенеративті медицинаның мақсаты – жасушалық және биоинженерлік технологиялар мен тәсілдердің көмегімен ағзаның ауруларға шалдыққан немесе зақымдалған тіндерінің құрылымдары мен функцияларын қалпына келтіру. Биомедициналық ғылымды Қазақстанда ойдағыдай дамыту үшін Назарбаев университетінде National Laboratory Astana базасында биоинженерия, регенеративті медицина және нейрофизиология, геномдық медицина, эксперименттік және клиникалық фармакология және фармация, биосенсорлық технологиялар ғылыми-зерттеу институттары құрылып, тиімді жұмыс істеуде. Осы институттардың бірегей зерттеулерінің нәтижелері Қазақстанға Еуразия өңіріндегі халықаралық биомедициналық хабына айналуға мүмкіндік береді.