Қоқыстан балама отынға дейін: Астанада қалдықтарды қайта өңдеуді қалай ұйымдастыру керек?

February 27, 2019

NLA-орталығының ғалымдары елордада тұрмыстық қатты қалдықтардың (ТҚҚ) 30%-ын қайта өңдеуге және 10%-ын қаланың энергетикалық қажеттіліктері үшін отын ретінде қолдануға болатындығын анықтады. Зерттеу тобы мұндай деректерді Астанадағы ТҚҚ  полигонының тұрмыстық қатты қалдықтарынан энергетикалық отын алу мүмкіндігін іздеу барысында алды.

«Біздің күнделікті шығаратын ТҚҚ-ны жартылай кәдеге жарату және оны қаланың коммуналдық қажеттіліктеріне қолдану жолдарын көру – бұл жобаның негізгі идеясы. Егер нақтырақ айтатын болсақ, бұны жылу беру маусымы кезінде жылу энергиясын өндіру үшін пайдалануға болатынын көрсеткіміз келеді» , – деді жоба жетекшісі, PhD Ербол Сарбасов.

Эксперименттік процесс барысында жану параметрлерін зерттеу үшін өңделген отынның үлгілері жалған сұйықталған қабат қондырғысында көмірмен және көмірсіз жағылды. 

Құрамында National Laboratory Astana жасыл энергетика және қоршаған ортаны қорғау зертханасы мен Инженерия мектебі қызметкерлері бар Назарбаев Университетінің зерттеу тобы ТҚҚ-ның құрғақ жанғыш қалдықтарын екі түрлі тәсілмен кәдеге жаратуға болатындығы туралы қорытынды жасады. Олар – синтетикалық газды алу үшін пиролиз тәсілі арқылы немесе қайнау қабаты бар оттықта бірге жағу арқылы кәдеге жарату. Екінші әдіс Астана қаласының шағын аудандық қазандықтарында қолдану үшін тиімдірек болады.

Ғалымдар қоқыстың құрамы шығарылатын аймағына байланысты өзгеріп отыратынын байқады. Олар Астана қаласындағы ТҚҚ-ны жою қаланың экологиялық жағдайына оң әсерін тигізетіндігіне, сондай-ақ ТҚҚ-ны көмуге арналған санитарлық полигондардың қызмет мерзімін ұзартуға көмектесетініне оптимистік көзқараспен қарайды.