Профессор Жумадилов Жапонияның орденімен марапатталды

April 29, 2020

Бүгін Жапония Үкіметі биылғы көктемде орденмен марапатталатын шетелдік азаматтардың тізімін жариялады. Кавалерлердің қатарында Қазақстан Республикасының азаматы, «University Medical Center» корпоративтік қорының Басқарма Төрағасы, National Laboratory Astana  Бас Директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жұмаділов Жақсыбай Шаймарданұлы 

да бар.  

Профессор Жақсыбай Шаймарданұлына Жапония мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесі, радиациялық әсерді зерттеу және зардап шеккендердің 

денсаулығын нығайту саласындағы еңбегі үшін «Көтеріліп келе жатқан күн ордені. Алтын шуақ 

мойынға тағатын бауымен» табыс етіледі. 

Бұған дейін Жапония императоры ордендерінің иегерлерімен марапатталған қазақстандықтардың арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, профессор Төлебай Рахыпбеков, ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов және ҚР басқа да көрнекті қайраткерлері болғанын атап өткен жөн.