«Персоналдандырылған медицина және жаһандық денсаулық» атты III Халықаралық ғылыми конференция

September 15, 2017

Бүгін Назарбаев Университетінде National Laboratory Astana-ның бастауымен «Персоналдандырылған медицина және жаһандық денсаулық» атты  III Халықаралық ғылыми конференция басталды. Конференцияға таяу және алыс шет елдердің жетекші университеттері мен орталықтарының атақты зерттеушілері, ҚР білім және денсаулық сақтау мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарының өкілдері қатысады. Олардың ішінде профессор және Оксфорд университетінің Тұрақты медициналық инновацияларды ілгерілету орталығының (CASMI) негізін құрушы Ричард Баркер, Биогеронтология зерттеулері британдық қорының (BGRF) президенті Ави Рой,                                ҚР Президенті істері басқармасы Медициналық орталығының басшысы Валерий Бенберин, Қартаю мәселелері жөніндегі халықаралық ассоциация (ISOAD) өкілі Илья Стамблер (Израиль), Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман, Назарбаев Университетінің провосты Адесида Илесанми және тағы басқалары.

Бірлескен инновациялық зерттеулердегі және биомедицинаның алдыңғы қатарлы мультиомды технологиялар саласындағы жедел ғылыми зерттемелерде халықаралық ынтымақтастықты дамыту және олардың негізінде Қазақстан халқының денсаулығын сақтау және жақсарту үшін инновациялық өнімдерді жасау перспективалары аталған конференцияның назарында.

Қатысушылар сондай-ақ геномиканың жалпылай, биоинформатиканың мүмкіндіктері мен проблемаларын, жаңа технологияны тәжірибеде қолдануды талқылайтын болады.

National Laboratory Astana бас директоры Жақсыбай Жұмаділовтің айтуынша, персоналдандырылған медицина медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді, оның алдын алуды, қауіпсіздік пен тиімділігін арттырады. 

- Персоналдандырылған медицина нақты пациенттің генетикалық профилінің ерекшеліктеріне негізделеді және аурудың пайда болуын болжауға, дер кезінде профилактика жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ пациенттің өзінің белсенді ортақ ат салысуын көздейді. Мамандар тобы, олардың ішінде: дәрігерлер, биоинформатиктер, IT-мамандар, биологтар, генетиктер таргетті терапия жүргізгенде адам геномі, нақты аурулардың молекулярлық маркерлері туралы ақпаратты қолданған кезде емделу әсері бірнеше рет артады. Біз ұзақ уақытты перспективадағы осындай тәсілдер имплементациясының қаражатты айтарлықтай үнемдеуге септігін тигізеді деп сенеміз, алайда персоналдандырылған медицинаны енгізудің бірінші кезеңінде жаңа жоғары клеткалық және гендік технологияларды енгізуге байланысты денсаулық сақтауға шығындар айтарлықтай арта түседі, бұл оны толықтай жүзеге асырудағы басты кедергі болып табылады, - деді Жақсыбай Жұмаділов.

Конференция аясында Ричард Баркер, Ави Рой, Илья Стамблер және NLA ғалымдарының қатысуымен брифинг өтеді, олар «Global Healthspan Extension Initiative» сапалы ұзақ өмір сүру негіздерін нығайту жөніндегі жобаға бірлесе қатысуға ниетті. Аталған жоба халықтың салауатты тиімді ұзақ өмір сүруін кеңейту үшін инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта «Global Healthspan Extension Initiative» әлдеқайда АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, Швеция, Франция және Германиядан бірқатар биотехнологиялық компаниялардың тарапынан қызығушылық танытылды, олар сапалы ұзақ өмір сүру бойынша зерттеулерді жүргізу саласында ынтымақтастық перспективаларын қарастырады.