Қоғамдык денсаулық сақтау жүйесі жөнінде халықаралық семинар

March 17, 2016

253328Ағымды жылдың 20 - 31 шілде айында   Назарбаев Университетінде Африка құрлығы мамандарына арналған коғамдык денсаулық сақтау жүйесі бойынша халықаралық семинар өткізілді. Назарбаев Университетінің “National Laboratory Astana” жекеменшік мекемесінде Өмір туралы ғылымдар орталығының ғалымдары эпидемиология, биомедицина және қоғамдық денсаулық сақтау бойынша 8 Африка елдерінің 24 мамандарын  оқытты.
Жақсыбай Жұмаділов, Өмір туралы ғылымдар  орталығының директоры, былай деді: «Біз алғашқы рет шетелдік өкілдері үшін семинар-тренинг өткізіп отырмыз. Әлемдік денсаулық сақтаудың казіргі заманғы талаптарын есепке ала отырып, Өмір туралы ғылымдар  орталығының оқытушылары эпидемиология, биомедициналық және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөліседі».
Семинар корытындылары бойынша қатысушылар алған  білімдерін және дағдыларын өз елдерінде қолдана алады. Атап айтқанда, оларды эпидемиология және биомедицина саласындағы ғылыми зерттеулердің әдістерін үйретті. Бұл іс-шара Казакстанға колдау барысындағы  «Жас мамандарды  даярлау аркылы  Африка, Тынық мұхиттық және Кариб өкілдеріне техникалық көмек көрсету» жобасы аясында Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп өткізіледі.
Семинардың мақсаты - эпидемиология, биомедициналық және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жүйелі теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды меңгеру. Бұл семинарға Назарбаев Университетінің «National Laboratory Astana» жекеменшік мекеменің жетекші профессорлары мен докторлары  дәрістер курсы мен практикалык сабактарын ұсынды.
Семинардың салтанатты ашылуына ҚР Сырткы Істер Министрлігінің мен Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының өкілдері  және Ботсвана, Эритрея, Эфиопия, Кения, Малави, Свазиленд, Танзания и Зимбабве елдерінің студенттері қатысты.