НУ зерттеушілері COVID-19-бен ауырған адамдардың ДНҚ-сын талдайтын болады

May 28, 2020

Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana ғалымдары Қазақстанда COVID-19-бен ауырған адамдардың ДНҚ-сын зерттеуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта биоматериалды алу үшін хаттамалар жасалып жатыр, ауруханаларда қан сынамаларын алу басталды. Бастапқы материалдармен барлық жұмыстар ауру жұқтырған материалдармен жұмыс істеуге рұқсаты бар зертханалардың негізінде жүргізілетін болады.

Атап айтқанда, Назарбаев Университетінің ғалымдары коронавирус инфекциясы бар пациенттердің ДНҚ-сын зерттеуді жоспарлап отыр, коронавируспен ауыратын науқастардың толық геномдарын және коронавирустардың геномдарын өздері реттеп, инфекция процесінің клиникалық ағымы мен адам ағзасының жеке ерекшеліктерін анықтайды. Айта кету керек,  Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana зертханасында тапсырмаларды орындау үшін қажетті жабдықтар, инфрақұрылым бар және тиісті ғылыми-зерттеу тәжірибесі жинақталған.

«Бастапқы процедуралардан кейін қауіпсіз материал Геномдық және дербес медицина зертханасының жаңа буын секвенерлерін қолдана отырып, Назарбаев Университетінің жоғары технологиялық зертханаларында талданатын болады, ал секвенирлеу деректерін талдауды биоинформатиктер Биоинформатика және жүйелік биология зертханасында жүргізеді», – дейді  PhD, медицина докторы Айнұр Ақылжанова,  Геномдық және дербес медицина зертханасының жетекшісі.

Жақында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жеке медицинаны енгізудің 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы – бұл созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын-алу және ерте диагноз қоюға баса назар аударып, олардың жетекші түрлері үшін дербестендірілген медицинаның ғылыми негізін құрайтын алғашқы ірі бағдарлама. Қазақ халқының генетикалық бейімділігімен қатар ғалымдар терапияның фармакогенетикалық аспектілерін зерттейтін болады.

Бағдарлама аясында Қазақстанның барлық аймақтарында негізгі созылмалы аурулардың нақты таралуын және алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының COVID-19 пандемиясы жағдайында жұмыс істеуге дайындығын бағалау үшін эпидемиологиялық зерттеу жүргізілетіндігін атап өткен жөн. Жоспарланған зерттеуде SARS-CoV-2 антиденелері де осы инфекцияға ұжымдық иммунитетті қалыптастыру сұрағына жауап береді.