Өмір туралы ғылымдар орталығының ғалымдары адамның микробиом сапасының жас ерекшелігінің дамуына әсерін зерттейді

February 18, 2019

Альцгеймер (АА) ауруы – бұл еста сақтау қабілетінің жойылуымен, мінез-құлықтың және қимыл әрекетінің өзгеруімен, ал кейінгі кезеңдерде қалыпты күнделікті іс-әрекеттерді жүзеге асыру мүмкін еместігімен өтетін, ілгерінді созылмалы нейродегенеративті ауру. Назарбаев Университетінің ғалымдары АА диагнозы бар пациенттердің ішек микробиомының құрамын зерттей бастады. Мұндай зерттеулер сондай-ақ АҚШ пен Қытайда жүргізіледі.

– Зерттеу аясында біз салыстыру үшін азап шегетін және азап шекпейтін қарт адамдардың ішек флорасының үлгілерін жинадық. Ғалымдардың зерттеу тобымен біз осы ауруды ерте диагностикалаудың әлеуетті маркері ретінде АА-мен ішек микрофлорасы құрамының корреляциясын іздейміз, – деп хабарлайды “National Laboratory Astana” ЖМ Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының жетекші ғылыми қызметкері және жетекшісі Шолпан Асқарова.

Осы уақытқа дейін ішек микробиомы, мысалы, көмірсулардың ферментациясы, витаминдердің синтезі, ксенобиотиктердің метаболизмі сияқты, тек ішекте ғана өтетін процестерге қатысады және патологиялық бактерияларға тосқауыл болады. Дегенмен, соңғы 15 жылда ішек микробиомының қызметі қайта қаралды, ішек микрофлорасының тығыздығы мен түрлік құрамы және диабет, семіздік, жүрек-қантамыр аурулары сияқты бірқатар патологиялардың дамуы арасындағы тікелей өзара байланыс анықталды,олар өз кезегінде АА-ның даму қаупінің белгілі факторлары болып табылады.

– Әлбетте, жасы, өмір салты, тамақтану рационы, сондай-ақ тұратын аймағы ішек микрофлорасының құрамында үлкен рөл атқарады, – дейді Алмагүл Кушугулова “National Laboratory Astana”ЖМ Адам микробиомасы және ұзақ өмір сүру зертханасының жетекші ғылыми қызметкері және жетекшісі.

Зертханалық жануарларды зерттеу кезінде алынған деректер ішектегі бактериялардың жүйке жасушаларының функцияларына теріс әсер етуі және АА-ның дамуына ықпал етуі мүмкін екенін білдіреді. Бұл қорытындылар Chongqing Медициналық Университетінде (Қытай) және Альцгеймер ауруын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығында (Wisconsin Alzheimer’s disease Research Center, АҚШ) жүргізілген клиникалық зерттеулермен расталады.

ДДҰ-ның болжамына сәйкес, жас бойынша деменция аурушаңдығының деңгейі жыл сайын нашарлап, 2050 жылға қарай науқастар саны үш есеге артады.  Альцгеймер ауруына  65-75 жастағы адамдардың шамамен 10%-ы және 80 және одан жоғары жастағы қарттардың 32%-ы шалдығады. Қазіргі уақытта Қазақстанда демениядан зардап шегетін қарт адамдардың саны бойынша нақты деректер жоқ. Алайда, әлемдік статистиканың мәліметтеріне сүйене отырып және Қазақстан халқының санын ескере отырып, біздің елде 200 000-ден кем емес егде жастағы адамдар жас ерекшелігі деменциясымен ауырады деп болжауға болады.