NLA-орталығының командасы Римде өтетін «BioMAH» атты халықаралық конференцияда бірінші орынға ие болды

October 26, 2016

National Laboratory Astana-орталығының зерттеушілер әлемнің жиырма бес елінен әйгілі ғалымдары мен биотехнологтарымен  бірігіп «Biomaterials for Healthcare: Tissue and Genetic Engineering and the Role of Nanotechnology» (BioMAH) атты  халықаралық ғылыми конференцисына қатысты. Оның негізгі мақсаты: регенеративті медицина және инновациялық биоматериалдар туралы ғылыми негіздегі өзекті мәселелер мен осы саладағы жетістіктерді талқылау. Осы жылғы конференцияның басты тақырыбы – биомедицина, тіндік регенерациялау мен «ақылды» наноматериалдар және жасушалық технологиялар саласында инновациялық зерттеулер мен ғылыми жаңалықтар бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Конференция барысында NLA-орталығының Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының зертеушілері регенеративті медицина және тіндік биоинженерия саласында бірнеше ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижелерін ұсынды. Оның ішінде  кіші ғылым қызметкері Юлия Сафарова ұсынған «Бауыр мен сүйек ұлпасы патологиясы кезінде компенсаторлы және регенеративті процесстерді жылдамдату үшін қазіргі заманғы жасушалық технологиялардың клиникалық трансляциясы методологиясын дайындау» атты жобаның нәтижелері “BioMAH” сараптамалық комиссиясы жоғары бағалады. Сол жоба  «Best oral young reseacher’s presentation» номинацияда бірінші орынды жеңіп алды. Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының меңгерушісі Шолпан Асқарованың айтуынша,  остеопороз немесе Педжет ауруы сияқты аурулар кезінде сүйектегі зат алмасудың бұзылуы остеокластық белсенділіктің өсуіне және остеобластардың санының төмендеуіне себеп болады. Остеобластардың санын өсіру үшін аутологиялық мезенхимальды өзекті жасушаларды (МӨЖ)  қолдануы әдістемесі ұсынылды. Сүйек ұлпасының зақымдалу ошақтарына клеткаларды жеткізу үшін, арналған ұлпаларға бағытталған жүйелерді жасау мақсатында, МӨЖ-мен тұрақты байланысатын  және сүйек ұлпасына тропты полимер синтезтелінді.Полимердің цитотоксикалық әсері жіне оның in vitro жағдайында МӨЖ-дің остегенді дифференциациясына әсері бағаланды.Бұл әдістеме сүйек ұлпаларының регенерациясын жақсартады және өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізеді және осы санаттағы науқастардың мүгедектілікті төмендетуге мүмкіндік береді.