NLA мен Оксфорд ғалымдар “Global Healthspan Extension Initiative” жобаға қатысады

May 31, 2016

Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana Оксфорд университетінің Centre for the Advancement of Sustainable Medical Innovation (CASMI), британдық  биогеронтология бойынша ғылыми-зерттеу қорымен (BGRF) және тағы да басқа халықаралық академиялық институттармен әріптестікте қазақстандықтардың сапалы ұзақ өмір сүру негіздерін (Global Healthspan Extension Initiative) нығайту жөніндегі жобаға қатысады.

«Біз әзірлеп отырған бағдарлама халықтың салауатты, өнімді ұзақ өмір сүруінің шекараларын кеңейтуге арналған инновациялық технологияларды әзірлеуге бағытталған. Ол үшін біз әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік ғалымдармен ынтымақтастық орнатуға тырысамыз және әлемдегі бүгінгі барлық қолжетімді жетістіктерді мұқиятты талдаймыз», - деді National Laboratory Astana-ның бас директоры Жақсыбай Жұмаділов.

Бүгінгі таңда Global Healthspan Extension Initiative жобасының аясында осы тақырып бойынша Оксфорд университетінде халықаралық семинар, сондай-ақ Назарбаев Университетінде жуырда өткен Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру жөніндегі IV  Халықаралық конференцияның шеңберінде семинар өтті, Астанада өткен семинарда CASMI президенті Ричард Баркерді, Human Genome Project бұрынғы директоры Чарльз Канторды және басқа да зерттеушілерді қоса алғанда, атақты ғалымдардың шолу зерттеулерінің алғашқы нәтижелері ұсынылды және талдады.

«Бүгін біз барлық жерде мемлекеттің экономикалық өсуі мен халықтың ұзақ өмір сүруі арасындағы нақты байланысты көріп отырмыз. Егде адамдар саны тез өсіп келеді, және де егер адам қартаюының шекарасын жылжытпаса, ол тіпті халықтың көпшілігін жас адамдар құрайтын елдердегі экономикалық өсудің де бәсеңдеуіне әкеледі. Алайда, егер біз зейнет алдындағы және зейнеткерлік жастағы, дені сау әрі белсенді адамдарды сақтар болсақ, бұл бізге сөзсіз мемлекеттің экономикалық өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп санайды Назарбаев Университеті Медицина мектебінің деканы, профессор Массимо Пинателли.

Бүгінгі таңда Global Healthspan Extension Initiative жобасы ұзақ өмір сүру бойынша зерттеулер жүргізу саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын қарастыратын, АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, Швеция, Франция және Германия елдеріндегі бірқатар биотехнологиялық компаниялардың тарапынан қызығушылық тудырды. Кейбір компаниялар бірлескен ғылыми зерттеу жүргізу үшін Қазақстанда өз өкілдіктерін ашу ниеті туралы мәлімдеді.