NLA-да адам қартаюы биомаркерлерінің интеграцияланған жүйесін бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қояды

May 17, 2016

InsilicoАстана, 17 мамыр, 2016. Назарбаев Университеті National Laboratory Astana және «Insilico medicine» компаниясы адамның қартаюына және жас шамасына қатысты патологиясына байланысты мәселелерді бірлесіп зерделеу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды.

«Осында Назарбаев университетінде біз жаңа буынды секвенирлеу, ішек микробиомасы, геномдық зерттеулер және метаболомика жөніндегі деректердің қомақты көлемін аламыз. Салауатты қартаю және салауатты өмір сүру ұзақтығын жалғастыру - біздің зерттеулеріміздің басымдықтарының бірі. Осы мәселелерді зерделеу көптеген салаларда төңкеріс жасады және биомедицинаның дамуына айтарлықтай ықпалын тигізді. Сондықтан, біз қартаю процестерін зерттеу үшін жасанды интеллектті қолдану саласындағы ірі әзірлемелері бар Insilico Medicine компаниясымен ынтымақтасуға дайынбыз», - дейді National Laboratory Astana орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов.

Келісімнің аясында тараптар көптеген үлгілер деректерінің негізінде адам қартаюы биомаркерлерінің жасанды интеллект жүйесін дамытуға ниетті. Бұдан басқа, «Insilico» компаниясы сау тіндер мен аурулармен зақымдалған тіндердің арасындағы дифференциалды өзгерістерді бағалауға, сондай-ақ әртүрлі жас шамасындағы адамның тіндерін салыстыруға арналған сигналды тәсілдерді талдау бойынша қосымша қызметтерді қамтамасыз етеді.

«Назарбаев Университеті» халықаралық жетекші жоғары оқу орындарында білім алған мамандар еңбек ететін, қазіргі заманғы жабдықтары мен жоғары білікті персоналы бар, Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Бұл мекеме ең озық технологияны жүзеге асыру орны болды және біздің компаниямыз өмір сүру ұзақтығын зерттеу үшін жоғары технологиялық шешімдерді іске асыру бойынша жеткізушілердің бірі болғанына қуанышты», - деді  «Insilico» компаниясының бас директоры Александр Жаворонков.

Компанияның басшысы Александр Жаворонков Назарбаев университеті National Laboratory Astana-ның қолдауымен өткен «Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру» атты IV  Халықаралық ғылыми конференциясы спикерлерінің бірі болғанын естеріңізге саламыз. Назарбаев университеті National Laboratory Astana ғалымдарының биомедицина саласындағы тәжірибесі «Insilico Medicine. Inc» компаниясына қызықты, өйткені бұл компанияда қартаюға байланысты обыр және басқа да ауруларды емдеуге арналған дәрілік құралдарды әзірлеумен айналысады.