Кәрілік деменциясына қарсы күресте ұялы телефондарды пайдалану

July 17, 2019

National Laboratory Astana-орталығында ұялы телефондарды кәрілік деменциясын емдеу үшін пайдалану мүмкіндіктері зерттелуде. Ғалымдар Альцгеймер ауруын (АА) емдеу үшін 918 МГц жиіліктегі электромагниттік өрісті қолдану мүмкіндігін зерттей бастады. 918 МГц жиілігін таңдау кездейсоқ емес, себебі бұл жиілік кәдімгі ұялы телефондарда пайдаланылады.

АА- жас ұлғайған сайын ақыл-естің кемуінің кең тараған түрі, әдетте, жадының жоғалуымен, мінез – құлықтың драмалық өзгерістерімен, ал соңғы сатыларда қалыпты күнделікті тіршілікті жүзеге асыру мүмкін еместігімен сипатталады. Ғалымдардың пікірінше, аурудың даму себебі мидың тіндерінде бета-амилоид (Aβ42) уытты пептидінің жинақталуы болып табылады, бұл тотығу стресіне, нейроқабынуға, митохондриальды дисфункцияға және ақырында – жүйке жасушаларының өлуіне әкеледі.

Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana ғалымдарының зерттеулері (сайтқа сілтеме) 918 МГц жиіліктегі электромагниттік өріс бета-амилоид тудырған ми жасушаларында тотығу стресін бұғаттайтын механизмді көрсетеді.

– Біз АҚШ ғалымдары зерттеулерінің нәтижелерін зерделедік, олар электромагниттік сәуленің дәл осындай параметрлерімен, бірақ сәулеленудің 6 ай ұзақтығымен эксперимент жүргізген екен. Біздің тәжірибемізде біз адам мен егеуқұйрықтардың астроциттердің (жасуша-модельдер) екпелерін және сәулеленудің 60 минуттық қысқа кезеңін пайдаландық. 24 сағатқа дейінгі кезеңде 918 МГц жиіліктегі электромагниттік өрісте жасушаларды сәулелендіру кезінде алынған зерттеулеріміздің нәтижелері электромагниттік өрістің тотығу стресін басу қабілетін растады, бұл терапиялық әсерді көрсетеді, – дейді ЖМ Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының ғылыми қызметкері Андрей Цой. Осылайша, 918 МГц жиіліктегі электромагниттік өрісті сәулелендіру АА науқастарын емдеуде қолданылуы мүмкін. Алынған мәліметтерді ескере отырып Назарбаев Университетінің ғалымдары осы бағыттағы зерттеулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.