INESS-2019

July 30, 2019

Назарбаев Университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  «National Laboratory Astana», ЖМ-гі және  ЖШС «Аккумулятор институты» ұйымдастырған наноматериалдар мен дамыған энергия сақтау жүйелері (INESS-2019) бойынша 7-ші халықаралық конференция 2019 жылғы 7 тамызда Алматыда өтеді.

Конференцияда талқыланатын негізгі тақырыптар: инновациялық наноматериалдар, энергияны сақтаудың және конверсиялаудың инновациялық жүйелері, электрохимиялық датчиктер мен электроаналитикалық қосымшаларға арналған материалдар, батареялардың қауіпсіздігі мен жойылуы, электр көлігі мен тұрақты энергияны сақтауға арналған батареяларды жасау, материалтану және энергияны конверсиялау жүйелеріндегі модельдеу құралдары, және басқасы.

Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Канада сияқты жақын және алыс шетелдердің зерттеушілері материалтану, нанотехнология, экология, жаңартылатын энергия көздері мен энергия сақтау жүйелері саласындағы проблемалар туралы өз ойларымен бөліседі.

Конференцияға қатысушылардың толық мәтінді мақалаларын (талқыланғаннан кейін)  ELSEVIER: Materials Today: Proceedings  ISSN: 2214-7853 журналында жариялау жоспарлануда, SCOPUS және CPCI индекстелген (Thomson Reuters, Web of Science).  Еске салайық, Қазақстанда INESS конференциялары 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Қосымша ақпаратты конференцияның ресми сайтында: www.INESS.kz  алуға болады.