Біріккен ядролық зерттеулер институтымен меморандумға қол қойылды

June 16, 2016

Бүгін NLA-орталығы мен «Біріккен ядролық зерттеулер институты» (БЯЗИ) ғылыми-зерттеу және ғылыми-қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 Қазақстандық тараптан құжатқа National Laboratory Astana бас директоры Жақсыбай Жұмаділов, ал  БЯЗИ тарапынан Біріккен ядролық зерттеулер институтының директоры  Виктор Матвеев қол қойды.

Бірік­кен ядролық зерттеулер институты ядролық ғылымда әлемде мойын­далған және ең беделді халық­аралық о­рталық болып табылады. Қазақстандық ғалымдар БЯЗИ жұмыстарына оның негізі қаланғалы бері қатысып келеді. 1956 жылдары КСРО құрамынан қатысса, 1992 жылдары тәуелсіз Қазақстанның өкілдері ретінде қатысуда.

Ең заманауи эксперименттік база­сы және жоғары білікті кадр­лары бар БЯЗИ 60 жыл бойы Қазақстанның физика ғылымының дамуына үлес қосуда. Мұның тама­ша мысалы ретінде БЯЗИ Ядро­лық физика институтымен бір­лесіп Астанада заманауи ғылы­ми-зерттеу кешенін құрғанын айтуға болады. Ал оның негізі Орталық Азиядағы бірінші заманауи ДЦ-60 ауыр иондар үдеткіші болып табылады.

ДЦ-60 үдеткішінің 10 жыл­дық жұмысы ядролық энергия­ны бейбіт мақсатта пайдалану сала­­сын­дағы ғылыми зерттеулерді және тех­нологиялық әзірлемелерді, сон­дай-ақ елімізде құрылып жатқан атом саласы үшін жоғары білікті кадр­ларды даярлауды жаңа сапалық дең­гейге көтеруге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, еліміз үшін ион-іздік жар­ғақ­тарды өндіру технологиясы және оларды биологияда, медицинада және өнеркәсіпте қолдану сынды жаңа бағыттарға жол ашты.