Төмен көміртекті энергетика саласына қызығушылық артуда

September 28, 2016

26-28 қыркүйек аралығында Назарбаев университетінде жас ғалымдарға арналған «Ньютон – Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы шеңберінде төмен көміртекті қуат пен «жасыл экономикаға» ауысу мәселелері жөнінде семинар ұйымдастырылды.   

Семинарда зерттеушілердің ұсыныстары мен жұмыстары балама қуат көздерін дамыту, қуат үнемдеу мәселелері мен келешегін, сондай-ақ ҚР-дағы экологиялық міндеттерді шешу принциптерін анықтауға мүмкіндік беретінін Назарбаев Университеттің вице-президенті Қанат Байғарин атап өтті. «Ньютон – Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасының нәтижелілігін айта келе Қ.Байғарин аталмыш бағдарламаның барлық қатысушыларына алғыс білдірді.

Семинар жұмысына Қазақстан мен Ұлыбританияның зерттеу орталықтарының, университеттерінің жас ғалымдары қатысты: Cranfield University, Назарбаев Университетінің Қуат, экология және климат зертханасының қуат зерттеу орталығы, KEGOC компаниясы, University Aberdeen, University College London, Атырау мұнай және газ университеті, University of Surrey, Newcastle University, De Montfort University.

Бұл  семинар – бизнес, ғылым және үкімет үшін платформа қызметін атқаратын жыл сайынғы воркшоп. Екі күн бойы көмектікті емес энергетиканың дамуына септігін тигізетін түрлі жобалар нұсқалары талқыланды. Қазақстан өзіне парник газдарының бөлінуін азайту бойынша мақсаттарды қояды және парник газының бөлуінуінің азайту жөніндегі Париж келісімін ратификациялады. Осы себепті ол ертең емес, бүгіннен бастап ауқымды шаралар қабалдылдауға міндеттенеді. «Мұны жүктеме деп емес, "Қазақстан-2030" стратегиялық жоспарында белгіленген тапсырмаларды тезірек орындау, дамыған 30 елге қатарына кіру үшін экономикамызды трансорфмациялау мүмкіндігі деп қабылдау керек,» - дейді Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana Энергетика, экология және климат зертханасының жетекшісі Ербол Ахметбеков. «Бұл бағдарламалардың барлығы экономиканы қайта құруды, энергетикалық сектордың жаңартылуын және мұнай мен газ сияқты дәстүрлі экономика секторларына тәуелділіктің азаюын қажет етеді. Британдық әріптестер түрлі технологиялық процестерді оңтайландыру мен кәсіпорын тиімділігін арттыруда біраз тәжірибеге ие. Көмір химиясы, мұнайы химиясы мен биоотын өндірісінде жақсы жұмыстар жасалған. Қазақстанда көміртегі шикізатының, мұнайдың, газдың, көмірдің үлкен қоры бар, биоотын өндірудің мүмкіндіктері мол. Сол себепті осы технологияларды және тәжірибені игеруіміз аса маңызды. Бұл іс-шараның идеясы қазақстандық ғалымдардың еңбектері шаң басып жатпай, белсенді кәсіпорындарға ендірілуі болып табылады. Біз ғылым мен бизнестің басын қосатын ортақ платформа құрғымыз келеді. Алайда бұл механизмнің жұмысы жүріп кетуі үшін үкімет тарапынан үшінші қатысушы қажет. Платформа форматы мынадай: алдымен техникалық сесиялар өткізіліп, ұсыныстарға талдау жасалады да, актуалды түрінде бизнеске беріледі. Қазақстанға тән ерекшеліктерді ескере отырып іріктеулер жасалады. Ғалымдардың мүмкіншіліктері ескеріледі. Өнеркәсіпті өркендету үшін технологияларды жаңарту керек, әр жұмсалған теңгенің қайтарымы молынан болады.  Біз табысты ғылым және бизнес жобаларын ұсынатын боламыз, осы екі күн нәтижелері бойынша жекелеген кеіестер береміз, тікелей жоба авторларымен сөйлесеміз».

Семинар жұмысына академиялық орта өкілдері мен жас ғалымдар ғана емес, тікелей өндіріс өкілдері де шақырылды.