«Antibiotic Resistance» атты халықаралық семинар басталуда

June 21, 2017

Астанада Назарбаев университетінің National Laboratory Astana және Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) аясында адамдарды, оның ішінде балаларды емдеу кезінде антибиотиктерді қолдану мәселелеріне арналған «Antibiotic Resistance» атты халықаралық семинар басталды.

 Семинар жұмысына Еуропа, АҚШ, Үндістан, Жапония, Израиль, Ресей, Грузия, Армения және Қырғызстан елдерінен ғалымдар, сонымен қатар қазақстандық зерттеушілер мен дәрігер-практиктер қатысуда.

Семинардың ашылуында National Laboratory Astana Бас директоры профессор Жақсыбай Жұмаділов әлемге тараған антибиотиктерге деген төзімділіктің өте қауіпті бола бастағанын мәлімдеді. Ол болашаққа болжамды ғана білдірмейді, антибиотиктерге деген төзімділік қазіргі уақытта әлемнің әр өңірінде көрініс табатындықтан, адамның денсаулығына оның түрі мен жасына қарамастан кері әсер етеді.

Жаһандық ұжымдық іс-әрекеттер аталған қауіпті шешу бойынша микробтарға қарсы препараттарға төзімділікке қатысты халықаралық шарттарды дайындау жөнінде ұсыныстарды, сондай-ақ денсаулық сақтауда мемлекеттік құрылымдардың жұмысында, тамақ өнімдеріндегі қауіпсіздік жүйесінде, ветеринария және қоршаған ортаны қорғауда үйлестіруді орнатуды қамтиды. 

Екі күн ішінде ғалымдар өз жұмыстарында адамдар популяциясындағы дәрілік заттарға төзімділіктің себептерін және адамдардың немесе жануарлардың арасында резистентті штаммдардың таралуын жариялайды деп күтілуде. Сонымен қатар, емдеудің балама әдістері туралы деректер жарияланады, антибиотикотерапияның жаңа түрлеріне шақыруға қарамастан, жаңа препараттар сирек әзірленуде. АҚШ зерттеушілері дәрілік заттарға төзімділік қауіпі мониторингісінің ұлттық және халықаралық бағдарламалары туралы айтатын болады.