Биоинформатика Мектебі 2020

January 27, 2020

"Modern Perspectives for Biomedical Sciences: from Bench to Bedside" атындығы халықаралық мерейтойлық конференция аясында Биоинформатика Мектебі (14-15 мамыр, 2020 ж.) Назарбаев Университеті, NLA, Өмір туралы ғылымдар орталығы, Биоинформатика және жүйелік биология зертханасы базасында ұйымдастырылады. Биоинформатика мектебінің әлеуетті қатысушылары (20-дан көп емес) конкурс негізде таңдалады. Биоинформатика мектебіне қатысу тегін. Мектепке қатысу үшін сізден резюме, жарияланымдар тізімін, ынталандыру хат пен еркін түрде гипотезалары бар шағын жобаны дайындап, bsb@nu.edu.kz және ulykbek.kairov@nu.edu.kz электронды поштасына

#БиоинформатикаМектебі жазуымен жіберулеріңізді сұраймыз.

Мектептің үздік қатысушылары Биоинформатика және жүйелік биология зертханасында тегін түрде тағылымдамадан өту туралы сертификат алады және ағымдағы ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатысады.

Биоинформатика мектебі кім үшін ұйымдастырылады және әлеуетті қатысушы бола алады: бакалав/магистр/докторант студенті/кандидат/зерттеуші/клиника дәрігері/IT маманы/ биоинформатиканы талдау міндеттерімен бетпе-бет кездескен маман немесе заманауи геномика, биоинформатика және жүйелер биологиясы саласында жаңа білім алуға мүдделі маман

Неліктен және неге біз Биоинформатика мектебін ұйымдастырамыз: жақында Қазақстанның көптеген ғылыми орталықтары мен зерттеу орталықтары геномдық мәліметтерді талдау жасағанда көптеген мәселелерге тап болып, бізге түрлі сұрақтады жолдады, сондықтан біз биоинформатиканың кейбір жалпы міндеттерін біріктіріп, жинақталған білім мен тәжірибе бөлісуді жөн көрдік.

Биоинформатика мектебі қалай ұйымдастырылады: теория мен практика форматында.

Биоинформатика мектебі қай тілде өтеді: орыс тілінде.

Нысандар: бактериялық геном, толық транскриптом және адамның толық геномы.

Биоинформатика мектебі байқауына қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды дайындау керек:

  1. Түйіндеме және жарияланымдар тізімі (бар болса)
  2. Мотивациялық хат (3 беттен аспауы керек)
  3. Гипотеза мен биоинформатика мәселесі бар шағын жоба (3 беттен аспауы керек).