Саумал негізіндегі метабиотик өндірісі ашылуда

December 12, 2018

Бүгін Қарағанды облысы Жуантөбе ауылында саумал негізінде метабиотик өндірісі жөніндегі кәсіпорынның ашылуы өтеді. Жоба  қазақстандық ғалымдардың бірегей әзірлемесі болып табылады және ол жеке бизнеспен серіктестікте іске асырылады.

Метабиотик Lactobacillus rhamnosus CLS 17 сүт қышқылы бактерияларының бірегей қазақстандық штаммы негізінде әзірленеді. Кешенді метабиотикалық өнім жеке пайдалы симбионтты флораның өсімін ынталандыру жолымен микрофлораның түзетуін жүзеге асырады, сонымен қатар өнімге бие сүтін (саумалды) қосу оның қолданылу спектрін кеңейтеді, ол өнімді аналогтармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті басымдықпен қамтамасыз етеді. Метабиотик метаболистикалық бұзушылықтар терапиясы үшін тиімді өнім болып табылады.

Жоба Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana Өмір  туралы ғылым орталығы мен «SAUMAL» сауда үйі» ЖШС жеке компаниясы арасында серіктестікте іске асырылады. Жоба ҒҒТҚН коммерцияландыру шеңберінде «Ғылым қоры» АҚ гранты қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Кәсіпорынды ашуға жоба басшысы  NLA-орталығы аға қызметкері Самат Қожахметов, «SaumalBioTech» ЖШС директоры Ғалымжан Мейрамбеков, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин, National Laboratory Astana атқарушы директоры Әлия Казиева және Өмір туралы ғылым орталығының директорының м.а. Алмагүл Кушугулова қатысады.