“Регенерациялық медицина және сапалы ұзақ өмір сүру” атты IV Халықаралық ғылыми конференция

May 5, 2016

БАҚ үшін хабарлама

conferenceУақыты: 11-12 мамыр 2016 ж., 09.00

Мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 53, Назарбаев Университеті, Сенат холл залы, 3 этаж

Назарбаев Университетінде «Регенерациялық медицина және сапалы ұзақ өмір сүру» атты IV  Халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру туралы ғылыми негіздегі өзекті мәселелер мен мүмкіндіктер қарастырылады. Осы жылғы конференцияның басты тақырыбы - геронтология және биомедицина саласында инновациялық зерттеулер мен ғылыми жаңалықтар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың дамуына бағытталған.  Аталмыш конференцияның   өткізілуі Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми деңгейін дамытуға және халықаралық ғылыми қоғаммен тығыз байланыс орнатуға септігін тигізеді.
Конференцияда жақын және алыс шет мемелекеттердің жетекші білім ордаларының танымал  ғалымдары,  Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу орталықтары мен мемлекеттік мекеме басшылары, мемлекеттік және коммерциялық білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысады.