Қазақстандықтар АҚШ-тың TechWomen бағдарламасында жеңіске жетті

November 12, 2018

Қазақстанның 5 қызы әйгілі Силикон алқабында сайыста жеңіп, грантқа ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Олар ғылым, технологиялар, инженерия және математика салаларында түрлі елдердің кәсіпқой әйелдерін біріктіретін TechWomen  бағдарламасына қатысқан. Біздің қыздар 5 апта бойы АҚШ-та болып, еліміз үшін маңызды әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға грантты жеңіп алған. Өз жобасының тұсаукесерін Google компаниясының бас кеңсесінде өткізген. Ал жеңімпаздарды жариялау және марапаттау рәсімі Сан-Францискода, Twitter компанисының кеңсесінде болған. Сайысқа қатысқан 20 елдің өкілі кедейлік, сауатсыздық,  медициналық қызмет көрсетудің төмен сапасы және қоршаған ортаның ластану секілді әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге аранлағн өз жобаларын ұсынған. Қазақстан атынан сайысқа банк жүйесінің мамандары, құрылыс және ақпараттық технологиялар саласында инновациялар енгузі бойынша жоба жетекшілері мен Назарбаев Университетінің ғалымдары қатысқан.

Арайлым Нұрпейісова, TechWomen бағдарламасының жеңімпазы: - Біздіңі жобаның ең басты мақсаты қиын жағдайға ұшыраған қыздар мен жас келіншектерге көмек көрсету болып табылады. Біз осы TechWomen программасына қатысқанымызға өте қуаныштымыз, біз көп нәрсені біліп-үйрендік.

Нарқыз Сиябекова, TechWomen бағдарламасының жеңімпазы: - 5 апта ішінде ең үздік компанияларда тәжірибе алдық, Мысалы, Twitter, Symantec, Autodesk To Synopsys. 20 елден жиналған 100 әйел өз жобаларын ұсынды, соның ішінде біздің жоба ең үздік танылды. 

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/274486-aza-standy-tar-a-sh-ty-techwomen-ba-darlamasynda-zhe-iske-zhetti