Астаналық ғалымдар ұзақ өмір сүру негіздерін зерттейтін жоба дайындады

September 15, 2017

Назарбаев Университетінің ғалымдары ұзақ өмір сүру негіздерін зерттейтін жоба әзірледі. Жұмыс қазір Үкіметте қаралып жатыр. Бұл туралы универистет жанынан құрылған «Астана ұлттық зертханасының» бас директоры Жақсыбай Жұмаділов мәлімдеді. Ғалымның айтуынша, жоба қабылданса, аурудың неден болғанын анықтауға, дер кезінде профилактика жүргізуге болады. Ол үшін заманауи инновациялық технологияларды енгізу қажет. Яғни сонда ғана аурудың алдын алуға толық мүмкіндік бар. Бұл әрі еліміздің биомедицина саласының қарыштап дамуына үлес қосады. Бағдарламада тіпті 8 күндік шақалақтың өмір сүру салтын қалай қалыптастыру қажеттігі ойластырылған.

Жақсыбай Жұмаділов, National Laboratory Astana бас директоры:  - Сапалы ұзақ өмір дегенге 60-80-нен кейін емес, бала 8 күнде болғанда кірісу керек. Соған қазір мүмкіндік бар. Денсаулыққа байланысты қандай биомаркерлер бар, соны қарау керек. Ол бізге жетпей жатыр. Бізге соны жүйе ретінде елімізге әкелу керек.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/196663-astanaly-alymdar-za-mir-s-ru-negizderin-zerttejtin-zhoba-dajyndady