Карьера және Вакансиялар
Егер сіз қайратты, батыл және жігерлі болсаңыз, командада жұмыс істей білсеңіз, сондай-ақ ғылыми – білім беру және халықаралық ұйымдарда жұмыс істеу ерекшеліктерін білсеңіз, біз сізді NLA командасының құрамына шақырамыз.
Қызметкерлерді қабылдау конкурстық негізде келесі тәртіпте жүргізіледі:
- Бос лауазым болған жағдайда Назарбаев Университетінің веб – сайтында (www.nu.edu.kz) бос орындар мен ізденушілерге қойылатын біліктілік талаптары туралы хабарлама жарияланады.
- Ізденушілер толық түйіндемені немесе сауалнаманы толтырып, бос лауазым атауын көрсете отырып, оны нақты бос орынға көрсетілген жарнама мәтінінде, егер де басқа электронды адрес көрсетілмесе, онда мына электрондық адреске cv@nu.edu.kz жіберуге тиіс. Тақырыбында немесе хаттың мәтінінде лауазымның(дардың) атауы көрсетілмеген өтінімдер қарастырылмайды.
Іріктеу рәсімдерінің кешені 3 кезеңнен тұрады:
- I кезең - келіп түскен түйіндемелерді адами ресурстарды басқару департаменті олардың жарияланған талаптарға сәйкестігі бойынша іріктейді.
- II кезең - іріктеліп алынған ізденушілер өтінім және/немесе кәсіби білімдерді тестілеуге өтінім берген құрылымдық бөлімше деңгейінде әңгімелесуге шақырылады.
- III кезең - әңгімелесуден және тестілеуден ойдағыдай өткен адамдар конкурстық комиссия мүшелерімен әңгімелесуге шақырылады.