Эксперименттік және клиникалық фармакология зертханасы

 

Зертханалық эксперименттік және клиникалық фармакология саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді, мақсатты дәрі жеткізу және жаңа биологиялық белсенді заттардың скринингін орындайды. Сонымен қатар клиникалық фармакология және фармакоэкономикалық зерттеулер жүргізіледі. Қазақстанда халықаралық рандомизацияланған клиникалық сынақтар жүргізу үшін құжаттама пакетін дайындау және оны жүзеге асыру. Іn vivo және in vitro эксперименттік фармакология зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Ғылыми-зерттеу жумыстарын жүзеге асыру үшін келесі зерттеу әдістері қолданылады – токсикалық, цитотоксикалық, гематологиялық, биохимиялық және фармакокинетикалық зерттеулер.

Негізгі бағыттар

• Биологиялық белсенді субстанциялар және геропротекторлы белсенділік потенциалы бар прототипті дәрілік құралдар іздестіру;
• Дәрілік құралдарға арналған бағытты тасымалдау жүйелерін зерттеу;
• Жаңа биологиялық белсенді заттардың скринингтік және клиникаға дейінгі зерттеу;
• Халықаралық рандомизирленген клиникалық зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;
• Фармакоэкономикалық зерттеулер жүргізу;
• Биоэквиваленттікті зерттеу;