Эксперименттік, клиникалық фармакология және фармация ғылыми-зерттеу институты

 IMG_5180

Эксперименттік және клиникалық фармакология және фармация ғылыми-зерттеу институтына үш зертхана кіреді:
- Эксперименттік және клиникалық фармакология;
- Адам микробиомасы және ұзақ өмір сүру;
- Эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау.
Институт эксперименттік зерттеулер жүргізү үшін қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Институттың ғылыми командасы: 4 МҒД, 5 PhD, 5 ғылым кандидаттан, сондай-ақ, магистрлер мен бакалаврлар, «Болашақ» бағдарламасының түлектерінен тұрады . Институт сондай-ақ белгілі ғалымдар мен жоғары білікті мамандардың қатысуымен халыкарлык семинарлар мен тренингтер өткізеді. 2015 жылы Институт қызметкерлері Еуропалық клиникалық фармакология және терапия қауымдастығының мүшелері болып атанды. Республикалық қоғамдық бірлестігі «Казахстанская Ассоциация Исследователей Микробиома Человека» Халықаралық адам Microbiome консорциумына қабылданған

Негізгі бағыттар

• Биологиялық белсенді субстанциялар және геропротекторлы белсенділік потенциалы бар прототипті дәрілік құралдар іздестіру;
• Дәрілік құралдарға арналған бағытты тасымалдау жүйелерін зерттеу;
• Жаңа биологиялық белсенді заттардың скринингі және клиникаға дейінгі зерттеулер;
• Халықаралық рандомизирленген клиникалық зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;
• Фармакоэкономикалық зерттеулер жүргізу;
• Биоэквиваленттікті зерттеу;
• Адам метагеномы жөніндегі білім негізінде биомаркер іздестіру. Метагеномның аурулармен, жаспен, тағам талғаумен, экологиялық жағдайлармен және сыртқы орта факторларымен байланысты айырмашылығын анықтау;
• Функционалды тамақтану өнімдерін және фармабиотиктер жасап шығару;
• Медицино-маңызды миркоорганизмдерідің, ДНҚ және пептидтердің Республикалық депозтариін құру;
• Геронтологиялық және гериатриялық зерттеулер жүзеге асыру

Институттың (1) Эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау зертханасы, (2) Эксперименттік және клиникалық фармакология зертханасы, (3) Адам микробиомасы және ұзақ өмір сүру зертханасы бар.