Популяциялық генетика зертханасы

  для лаб этногенетика2014-жылы жазда Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жасалған экспедиция барысында Қазақ популяцияларынан биологиялық үлгі жиналды.

Лаборатория туралы жалпы мәлімет:

Назарбаев Университетіндегі Астана Ұлттық Лабораториясының құрамындағы Популяциялық генетика лабораториясы (LPG@NU) адамзаттың популяция тарихы мен эволюциясын түсінуге арналған ғылыми жобалармен айналысады. Лабораторияның басты зерттеу тақырыбы Орта Азиядығы этникалық топтардың генетикалық өзгешеліктерін тексеріп, олардың генетикалық тегін тектеу. Сонымен бірге, лаборатория байырғы ДНҚ (ancient DNA) зерттеу тақырыбымен де айналысады. Бұндағы мақсат, Қазақстан және Орта Азия аумағында жасаған байырғы популяциялырдың генетикалық бітісін анықтап, Түрүк және Алтай жұртының шығу тегіне үңілу. Осы лабораторияда қолға алынған жобалар биологиялық үлгі жинауға арналған экспедициялық жұмыстар мен молекулалық генетикалық талдау жасауға арналған лабораториялық жұмыстардан құрам табады.

Лаборатория мүшелері:

Айқын Асқапұлы, ғылыми қызметкер

Мақсат Жабағин, кіші ғылыми қызметкер

Ағымдағы жобалар:

  1. Селбесіп зерттеу жобасы: “Қазақстан Алтай тауындағы Темір дәуірінен қалған адам мүрделеріне генетикалық сипаттама жасау”, Жапонияның Ұлттық генетика институты қаржыландырған (2016).
  1. Нысаналы қаржыландыру бағдарламасындағы жоба: “Жібек Жолы Геном Жобасы: Орта Азияның төлтума этникалық топтарына геномдық тексеру жүргізу”, Қазақстан Ғылым және білім министрлігі қаржыландырған (2015-2017)
  1. Нысаналы қаржыландыру бағдарламасындағы жоба: "Қазақ популяциясы Y хромосома полиморфизмінің сипаттамасы", Қазақстан Ғылым және білім министрлігі қаржыландырған (2014-2016).