Биоинформатика және есептеуші жүйелік биология зертханасы

 Зертхана жетекшісі:Ұлықбек Қайыров 

Ғылыми-зерттеу бағыттары:

Биоинформатика және есептеуші жүйелік биология зертханасы келесі бағыттар бойынша зертетулер жүргізеді:

  1. Жаңа буынды жоғары өнімді секвенирлеу платформалардан(Illumina HiSeq2000 / Illumina MiSeq / Roche 454) алынған геномдық мәліметтерді биоинформатикалық талдау.
  2. Жоғары өнімді микрочиптік платформалардан (Affymetrix/Illumina) ісік транскриптом профильдерді биоинформатикалық талдау және мета-талдау.
  3. Illumina HiSeq2000 / Illumina MiSeq жаңа буынды жоғары өнімді секвенирлеу платформадан ісік транскриптомдарды және гендердің экспрессияны биофинорматикалық талдау .
  4. Адамның толық геномды және толық транскриптомды талдауға жаңа интеграциялық әдіс-тәсілдерді дамыту.

Алынған нәтижелер бойынша биомедициналық ақпараттық базаларын биоинформатикалық инфрақүрылымды дамыту.

Сипаттамасы:

Биоинформатика және есептеуші жүйелік биология зертханасы «Өмір туралы ғылымдар орталығы», Назарбаев Университеті негізінде қалыптастырылды. Зертхананың борышы кадрлық қызметкерлерді ғылыми жетілдіру арқылы, инфрақұрылым дамыту арқылы және жетекші әлемдік зерттеу орталықтармен ынтымақтастық жүргізу арқылы қазақстандық биоинформатика және есептеуші жүйелік биологияны дамыту.

Зертхананың ғылыми зерттеу жұмыстары қазіргі заманғы биоинформатикалық әдістер және жүйелік әдістерді қолдану арқылы тірі ағзалардың биологиялық процесстерді зерттеуге бағытталған.

 

Ғылыми зерттеулердің негізгі объектілері::
а) адам геномы;
б) адам транскриптомы;
в) микобактерия геномы.

Қазіргі уақытта зертхана жетекші шет елдік ғылыми орталықтармен белсенді ынтымақтастық жүргізеді:

  1. Кюри Институты, Париж, Франция (онкологиялық ауруларды зерттеу бойынша);
  2. Гарвард Медициналық Мектеп, АҚШ (кодтамайтын геномдық варианттарды зерттеу бойынша);
  3. Геномдық Медицина Институты, Корея (адам геномды зерттеу бойынша);
  4. Физикалық және Химиялық Медицина ғылыми зерттеу институты, Мәскеу, Ресей (бактериялардың геномдарды және микробиомды зерттеу және биологиялық базаларды дамыту бойынша);
  5. Оңтүстік Калифорния Университеті, АҚШ (альтернативті сплайсинг зерттеу бойынша).