Геномдық медицина ғылыми-зерттеу институты

IMG_5108Институт басшысы:Айнұр Рахметуловна Ақылжанова

Геномдық медицина институтының (ГМИ) негізгі мақсаты: биомедицина ғылымының озық мультиомды технологияларын дамыту және олардың негізінде инновациялық өнімдерді халық денсаулығын сақтау және жақсарту үшін еңгізу. ГМИ аясында мультифакториалды және моногенді аурулардың ерте диагностикасы, оларды болжау мен емдеуге арналған жаңа генетикалық маркерлерді іздеу; иммунды зақымданулар генетикасын дамыту: туберкулез, фармакогеномика, популяциялық генетика және этногеномика; биоинформатика және жүйелі биологияны дамыту; биобанктың материалдық-техникалық базасын құру және кадрлық қамтамасыз ету; жаңа буынды секвенирлеу (NGS) технологиялары мен мультиомды технологияларды әзірлеу және олардың трансферті жоспарлануда.

Геномдық медицина институтының негізгі міндеттері:

1) ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу, геномды және дербес медицина, геномды және мультиомды технологиялар, биоинформатика және есептеуіш жүйелі биология, адамның популяциялық генетикасы саласында ғылыми-зерттеу қызметінің координациясы;

2) клиникалық және ғылыми қызмет, медициналық және фармацевтикалық білім, постдипломды білім және басқа инновациялық қызмет сұрақтары бойынша шетел ұйымдарымен ынтымақтастықтың координациясы;

3) Өмір туралы ғылымдар орталығы, NLA және АҚ «Назарбаев Университетіне» басым медицина ғылымының бағыттарын дамыту, соның ішінде Өмір туралы ғылымдар орталығымен, NLA әзірленген зияткерлік меншікті қорғауды қамтамасыз ету;   

4) геномдық және дербес медицина саласындағы ғылыми зерттеулердің халықаралық стандарттарын енгізу;

5) геномдық және дербес медицина саласындағы озық ғылыми әзірлемелерді клиникалық тәжірибеге трансляциялау;

6) институт мамандары мен ғылыми қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуының (біліктілігін арттыру және қайта даярлау) координациясы;

7) қоғамдық бірлестік құру: Қазақстандық генетиктер қоғамы.

 Институттың (1) Геномдық және дербес медицина зертханасы, (2) Биоинформатика және есептеуші жүйелік биология зертханасы, (3) Популяциялық генетика зертханасы бар.