АВТОРЛАР НАЗАРЫНА:

  • Тезистер мен баяндамаларды көрсетілген электронды адресіне жолдаңыз: icrmha@nu.edu.kz
  • Тезистер қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қабылданады.
  • Сессиясы көрсетілмеген материалдарды Ұйымдастыру комитеті қарастырмайды.
  • Конференцияны Ұйымдастырушы комитеті сапасы төмен және редакциясы нашар тезистерді бағдарламаға және конференция материалдар топтамасына енгізбеуге құқылы. Қабылданған материалдар қайтарылмайды.
  • Өтінеміз, тезистерді жібергеннен кейін тезистердің қабылданғанын білу үшін Ұйымдастыру комитеті хатшысына хабарласуыңызды сұраймыз.


ТЕЗИСКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Негізгі мәтін
Талап бойынша тезистің форматы - Word (.doc или .docx); дара интервалды; әріп гарнитурасы – Century Gothic; әріп өлшемі – 12 болуы қажет. Мәтін көлемі 350 сөзден аспауы керек. Тезистің құрамында бастапқы бетте әрбір автор туралы мәлімет (аты-жөні, жұмыс орны, қызметі; ғылыми дәрежесі, лауазымы; жұмыс телефоны мен электронды пошта толығымен көрсетіледі) болуы керек.  Негізгі автордың тегі астерискпен (*) белгіленуі тиіс.
Тезис келесі бөлімдерді қамтитын секциялардан тұруы қажет: кіріспе, әдістемелер, нәтижелер мен қорытындылар.
Тезис қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде болуы мүмкін.
Тезис мәтінінің құрамында сурет, кесте, әдебиеттер тізімі болмауы керек.
Баяндаманың тезисі электронды түрде ұйымдастырушы комитетке  (icrmha@nu.edu.kz) жіберілуі тиіс.
Файлды атау үшін латын транслитерациясында негізгі автордың аты мен тегін және секцияның нөмерін көрсетіп электронды поштамен жіберуіңізді сұраймыз (мысалы, Almaz_Ahmetov_2  немесе Иванов_Алексей_1).
Тезисті әзірлеу үлгісі төменде көрсетілген.

Қысқартулар
Мәтінде қысқартулар бірінші рет жазылған кезінде түсініктемесі жақша ішінде келтірілуі тиіс (Мысалы: The Central Asian Journal of Global Health (CAJGH)). Стандартты өлшем бірліктері түсініктемені қажет етпейді.

ПОСТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Постер көлемі: макс. ені 1 м, макс. биіктігі 1,5 м
Форматы: портреттік
Постерді таныстыру 11 мамыр, сәрсенбі күні және (түсте және кешке) және 12 мамыр, бейсенбі күні (түсте) өткізіледі.
11 мамыр күні постер таңғы сағ. 8:30-10:00 аралығында орнатылуы тиіс және 12 мамыр күні кешкі сағ. 16:00 мен 17:30 аралығында жиналуы қажет. Сағ. 17:30-нан кейін жиналмаған постерлерді конференция ұйымдастырушылары алып тастайды және постердің қалыпты сақталуына кепілдік берілмейді.
Байқау комиссиясына таныстыру үшін белгіленген уақытта, кем дегенде, автордың біреуі қатысуы міндетті. Постерді таныстыру уақытының кестесі конференция сайтында жарияланады. 

ФИНАЛДЫҚ БАҒДАРЛАМАДА ПОСТЕРДІҢ қорытынды НОМЕРЛЕРІ көрсетіледі.

Конференцияға қатысуға өтініш ғылыми жұмыстың авторларының бірінің атына тіркеліп тезиске қосымша ретінде жеке файылға жазылады (кестеде көрсетілген).

Т.А.Ә. толық                                                              
Жуған күні, айы, жылы  
Ел, мемлекет    
Мекеменің атауы    
Қызыметі, ғылыми дәрежесі (егер студент, магистрант немесе докторант - курс, специальность)    
Мобильді телефон номері   
Электронды почта адресі  
Қатысудың үлгісі (астын сызу қажет)
- ауызша баяндама
- Постерлік баяндама
- Тезисті жариялау
- тыңдаушы