Флуоресценттік әдістер зертханасы

Зертхана жетекшісі:Дмитрий Малашенков 

Ғылыми-зерттеу бағыттары:
•Жасуша цитоқанқасы мен қозғалысын зерттеу және оны обырға қарсы дәрі-дәрмектерді дамытудағы рөлі
• Флуоресценция әдістерін пайдалана отырып, фитопланктон қауымдастықтарын зерттеу
• Айналым микробөлшектерiн жасушаішілік маркер ретінде зерттеу
• Жоғары өнімділік флуоресцентті әдістерді әзірлеу

Сипаттамасы:

Қазіргі таңда тірі объектілерді талдау үшін жоғары ерекшелігі бар флуоресцентты әдістерін пайдалану басты жаңашылық болып табылады, оның іргелі және қолданбалы ғылым салаларында өзектілігі артылуда. Осыған қоса, зертхананың негізгі бағыты - тірі жүйелерді жоғары өнімді және обьектке ерекше флуоресцентті әдістері арқылы зерттеу; бұл бүгінгі уақытта технологияларды дамыту үшін ең озық және перспективалы әдіс болып табылады және оған автоматтандырылған басқару жүйелері танымал болғандықтан қол жеткізе аламыз. Осы саланың қарқынды дамуына және ғылыми-зерттеу жаңа әдістерін табылуына байланысты зертхананың негізгі мүдеті:
1. Жаңа білімді флуоресценция әдістерін дамыту және ғылымның әр түрінде, яғни биология, жасуша және молекулалық биология, экология және гидробиология және басқаларда қолдану барысында меңгеру.
2. НУ зерттеушілермен бірігіп, аймақтық ғылыми-зерттеу жобалары шеңберінде жасуша және организмдерді флуоресцентті әдістерімен зерттеу, қолданыстағы әдістері негізінде жаңа тәсілдерді дамыту.
3. Осы саладағы жетекші халықаралық ғылыми-зерттеу топтарымен байланыс арқылы NLA, NU және жалпы Қазақстан ғылымының беделін арттыру және баршаға таныту.
Біздің зертхана Гарвард медицина мектебі (Бостон , АҚШ ) мен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің (Мәскеу, Ресей) ұқсас зертханаларына қосымша зерттеу жасайды, сондай-ақ тиісті функционалдық қабілеті мен өнімділігін көрсетеді. Зертхананың Орта Азияда теңдесі жоқ, алайда жақын арада әлемдік стандарттарына сәйкес аймақта бірегей болуы мүмкін.