«Heavy-Ion Inertial Fusion HIF2016»  XXI Халықаралық конференциясы жұмысын бастады

«Heavy-Ion Inertial Fusion HIF2016» XXI Халықаралық конференциясы жұмысын бастады

July 18, 2016

Бүгін Назарбаев Университетінде XXI Халықаралық физика саласындағы ғылыми конференция «Heavy-Ion Inertial Fusion HIF2016» жұмысын бастайды. Бұл – ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандырылған көрмесіне дайындық аясындағы іс-шаралар тізбегіндегі маңызды ғылыми оқиға. Конференция тақырыбы болашақ Энергиясы, инерциалды термоядролық синтезге, заманымыздың жаһандық энергетика мәселесінің шешуі бола алатын әдістердің біріне, арналған. Конференция барысында инерциалды термоядролық синтез саласындағы мамандар, жеделдеткіштер мен лазерлер, сондай-ақ тығыз плазма физиктері, болашақ энергиясының сарқылмас көзі – ауыр иондар инерциалды термоядролық синтезінің қазіргі қалпы мен жетілдіру жолдарын қарастырады.

Конференцияға жақын және алыс шетелдерден келген және Қазақстандық әйгілі әрі әлемдік деңгейдегі ғалымдар қатысады. Іс-шараның ұйымдастырушылары неміс физигі, профессор Дитер Хоффман (Dieter Hoffmann, GSI Helmholtz Center for Heavy Ion Research) бастаған конференцияның халықаралық комитетінің келесі мүшелері болды: Берклидегі (АҚШ) Лоуренс атындағы ұлттық лабораториядан келген Джо Хван (Joe Kwan) мен Питер Зайдл (Peter Siedl); Шигео Кавата (Shigeo Kawat), Жапония; Токио технологиялық институты профессоры Jun Hasegawa; Геннадий Ремнев (Томск), және басқа да көрнекті физик ғалымдар. Қазақстандық тарапты конференцияның тете төрағасы – Назарбаев университетінің ғылым және инновациялар вице-президенті – Қанат Байғарин, сондай-ақ Назарбаев Университетінің профессоры Александр Тихонов басқарады.

«Heavy-Ion Inertial Fusion» конференциясының тарихы 1976 жылы Берклидегі (АҚШ) Лоуренс ат. Ұлттық Лабораторияда басталды. Соңғы жылдары конференция Принстонда (Нью-Джерси, США, 2004 жыл), Сен-Мало (Франция, 2006 жыл), Токио (Жапония, 2008 жыл), Дармштадте (Германия, 2010 жыл), Берклиде (Калифорния, США, 2012 жыл), Ланьчжоуда (Қытай, 2014 жыл) өтті.

Екі жыл сайын инерциалды термоядролық синтез саласындағы мамандар, жеделдеткіштер мен лазерлер, сондай-ақ тығыз плазма физиктері зерттеулер нәтижелерін талқылау және маңызды мәселелер бойынша пікір алмасу үшін кездеседі. Биыл конференция мақсаттарының бірі болып Қазақстан және ТМД университеттері мен ғылыми орталықтардың халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастық бағыттарының қалыптасқандарын нығайтып жаңаларын дамыту, сондай-ақ ғылым, технология және де термоядролық энергияны өндірудегі инерциалды әдісті одан әрі дамытуды ынталандыру болып табылады.

HIF2016 конференциясының негізгі бағыттары келесі мәселерді қамтиды: ауыр иондар инерциалды термоядролық синтезі; ыстық тығыз плазманың қоздырылған күйінің қаиетері: теория, тәжірибелер, диагностиканың заманауи әдістері; ионды көздер мен қуатты жеделдіткіштер; қуатты импульстік техника. Сонымен қатар, зерттеушілер ион шоқтарының плазмамен әсерлесуі, плазмадағы атомдық үрдістер және лазер сәулеленуінің затпен әсерлесу мәселелері бойынша пікір алмасады. Қазақстандық ТОКАМАК жобалары мен ядролық физикасы және күңгірт энергия мен материяның зерттеулері талқыланбақ. Бұл және басқа да бағыттар қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдардың қатысуымен Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana зертханасында белсенді түрде дамытылып жатыр. National Laboratory Astana зертханасында жобасы американдық және ресейлік ғалымдармен бірлесіп жасалған сынақтық INURA иондық жеделдеткіш жасалуда.

Назарбаев Университетінің инновациялар мен ғылым жөніндегі вице-президенті Қанат Байгарин конференцияның тұсаукесерінде атап өткендей:«HIF2016 – Қазақстанның университеттері мен ғылыми орталықтарын физика саласындағы әлемдік қауымдастыққа интеграциялауға және әлемдік деңгейдегі зерттеулерге қол жеткізуге тамаша мүмкіндік. Бұған қоса, HIF2016 қорытындылары ЭКСПО-2017 барысында талқыланатын заманымыздың жаһандық энергетика мәселелерін шешу ізденісіне септігін тигізеді».

«Heavy-Ion Inertial Fusion HIF2016» конференциясы  басталуда

«Heavy-Ion Inertial Fusion HIF2016» конференциясы басталуда

July 12, 2016

Сіздерге 18 мен 22 шілде жұлдызының аралығында Назарбаев Универститетінде өтетін National Laboratory Astana зерттеушілер тобы 21 Халықаралық физика саласындағы «Heavy-Ion Inertial Fusion HIF2016» конференциясының болатын хабарлауға қуаныштымыз. Алғашқы «Heavy-Ion Inertial Fusion»  конфернциясы 1976 жылы Берклидегі Лоуренс атындағы Ұлттық Лабораторияда өткізілді.Соңғы жылдары «Heavy-Ion Inertial Fusion» конференциясы Дармштадт, Германия (2010), Токио, Япония (2008), Сен-Мало, Франция (2006), Принстон, Нью-Джерси, АҚШ(2004) жалғасын тапты. Конференцияның мақсаты ауыр иондардың термоядерлік синтезі, және де термоядерлік энергиясының инерциондыөндірісі, ғылымы мен технологиясының  әрі қарай дамуын ынталандыру  болып табылады.

Конференцияның ғылыми тақырыптары:

  1. Ауыр иондарға және ИТС (Инерциалды термоядерлік синтезге) инерциалды термоядерлік синтезі;
  2. Жаңғыш қалың материалға қоздырғыш жағдайдың қасиеті, теориясы, эксперименттері, жанауи диагностикасы;
  3. Ионды көз және қуатты үндеткіш;
  4. Физикалық мақсат синтезі, тұрақсыздық гидродинамикасы;
  5. Плазамалық аралық әрекеттесуі, плазмадағы атомды процесстің + плазма мен лазерлік сәуле әрекеттесуі;
  6. Күшті импульстік техникасының ИТС қолдануымен жүзеге асуы;
  7. ТОКАМАК, ядерлік физика (Қазақстан Республикасындағы белсенділігі);
  8. Қараңғы энергия мен қараңғы материясының зерттеулері;
  9. Ауыр иондардың тежелуі.

Конференция сайтын зерттеңіз: http://www.hif2016astana.org 

Жас ғалымдарға арналған грант байқауы

Жас ғалымдарға арналған грант байқауы

June 21, 2016

2016 жылдың 1 шілде мен 15 қыркүйек аралығында академиялық бағдарламаның жобасын іске асыру мақсатында "Santo" компаниясы Назарбаев Университетінің, National Laboratory Astana, Өмір туралы ғылымдар орталығымен бірлесе отырып, жас ғалымдар конкурсын өткізуде және фармакология саласы бойынша зерттеу және/немесе ғылыми жұмыстарын жүзеге асыру үшін қаражат (гранттар) бөліп отыр. Жалпы грант сомасы: 2 миллион теңге. Грантқа тапсыру өтінімдерінің мерзімі: 15 қыркүйекке дейін. Байқау нәтижелері туралы хабарландыру мен марапаттау рәсімі Назарбаев Университетінде 2016 жылдың 30 қыркүйектен кейін болады.

Біріккен ядролық зерттеулер институтымен меморандумға қол қойылды

Біріккен ядролық зерттеулер институтымен меморандумға қол қойылды

June 16, 2016

Бүгін NLA-орталығы мен «Біріккен ядролық зерттеулер институты» (БЯЗИ) ғылыми-зерттеу және ғылыми-қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 Қазақстандық тараптан құжатқа National Laboratory Astana бас директоры Жақсыбай Жұмаділов, ал  БЯЗИ тарапынан Біріккен ядролық зерттеулер институтының директоры  Виктор Матвеев қол қойды.

Бірік­кен ядролық зерттеулер институты ядролық ғылымда әлемде мойын­далған және ең беделді халық­аралық о­рталық болып табылады. Қазақстандық ғалымдар БЯЗИ жұмыстарына оның негізі қаланғалы бері қатысып келеді. 1956 жылдары КСРО құрамынан қатысса, 1992 жылдары тәуелсіз Қазақстанның өкілдері ретінде қатысуда.

Ең заманауи эксперименттік база­сы және жоғары білікті кадр­лары бар БЯЗИ 60 жыл бойы Қазақстанның физика ғылымының дамуына үлес қосуда. Мұның тама­ша мысалы ретінде БЯЗИ Ядро­лық физика институтымен бір­лесіп Астанада заманауи ғылы­ми-зерттеу кешенін құрғанын айтуға болады. Ал оның негізі Орталық Азиядағы бірінші заманауи ДЦ-60 ауыр иондар үдеткіші болып табылады.

ДЦ-60 үдеткішінің 10 жыл­дық жұмысы ядролық энергия­ны бейбіт мақсатта пайдалану сала­­сын­дағы ғылыми зерттеулерді және тех­нологиялық әзірлемелерді, сон­дай-ақ елімізде құрылып жатқан атом саласы үшін жоғары білікті кадр­ларды даярлауды жаңа сапалық дең­гейге көтеруге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, еліміз үшін ион-іздік жар­ғақ­тарды өндіру технологиясы және оларды биологияда, медицинада және өнеркәсіпте қолдану сынды жаңа бағыттарға жол ашты.

NLA мен Оксфорд ғалымдар “Global Healthspan Extension Initiative” жобаға қатысады

NLA мен Оксфорд ғалымдар “Global Healthspan Extension Initiative” жобаға қатысады

May 31, 2016

Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana Оксфорд университетінің Centre for the Advancement of Sustainable Medical Innovation (CASMI), британдық  биогеронтология бойынша ғылыми-зерттеу қорымен (BGRF) және тағы да басқа халықаралық академиялық институттармен әріптестікте қазақстандықтардың сапалы ұзақ өмір сүру негіздерін (Global Healthspan Extension Initiative) нығайту жөніндегі жобаға қатысады.

«Біз әзірлеп отырған бағдарлама халықтың салауатты, өнімді ұзақ өмір сүруінің шекараларын кеңейтуге арналған инновациялық технологияларды әзірлеуге бағытталған. Ол үшін біз әлемнің түкпір-түкпірінен ең үздік ғалымдармен ынтымақтастық орнатуға тырысамыз және әлемдегі бүгінгі барлық қолжетімді жетістіктерді мұқиятты талдаймыз», - деді National Laboratory Astana-ның бас директоры Жақсыбай Жұмаділов.

Бүгінгі таңда Global Healthspan Extension Initiative жобасының аясында осы тақырып бойынша Оксфорд университетінде халықаралық семинар, сондай-ақ Назарбаев Университетінде жуырда өткен Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру жөніндегі IV  Халықаралық конференцияның шеңберінде семинар өтті, Астанада өткен семинарда CASMI президенті Ричард Баркерді, Human Genome Project бұрынғы директоры Чарльз Канторды және басқа да зерттеушілерді қоса алғанда, атақты ғалымдардың шолу зерттеулерінің алғашқы нәтижелері ұсынылды және талдады.

«Бүгін біз барлық жерде мемлекеттің экономикалық өсуі мен халықтың ұзақ өмір сүруі арасындағы нақты байланысты көріп отырмыз. Егде адамдар саны тез өсіп келеді, және де егер адам қартаюының шекарасын жылжытпаса, ол тіпті халықтың көпшілігін жас адамдар құрайтын елдердегі экономикалық өсудің де бәсеңдеуіне әкеледі. Алайда, егер біз зейнет алдындағы және зейнеткерлік жастағы, дені сау әрі белсенді адамдарды сақтар болсақ, бұл бізге сөзсіз мемлекеттің экономикалық өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп санайды Назарбаев Университеті Медицина мектебінің деканы, профессор Массимо Пинателли.

Бүгінгі таңда Global Healthspan Extension Initiative жобасы ұзақ өмір сүру бойынша зерттеулер жүргізу саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын қарастыратын, АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, Швеция, Франция және Германия елдеріндегі бірқатар биотехнологиялық компаниялардың тарапынан қызығушылық тудырды. Кейбір компаниялар бірлескен ғылыми зерттеу жүргізу үшін Қазақстанда өз өкілдіктерін ашу ниеті туралы мәлімдеді.

NLA-да адам қартаюы биомаркерлерінің интеграцияланған жүйесін бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қояды

NLA-да адам қартаюы биомаркерлерінің интеграцияланған жүйесін бірлесіп әзірлеу туралы келісімге қол қояды

May 17, 2016

InsilicoАстана, 17 мамыр, 2016. Назарбаев Университеті National Laboratory Astana және «Insilico medicine» компаниясы адамның қартаюына және жас шамасына қатысты патологиясына байланысты мәселелерді бірлесіп зерделеу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды.

«Осында Назарбаев университетінде біз жаңа буынды секвенирлеу, ішек микробиомасы, геномдық зерттеулер және метаболомика жөніндегі деректердің қомақты көлемін аламыз. Салауатты қартаю және салауатты өмір сүру ұзақтығын жалғастыру - біздің зерттеулеріміздің басымдықтарының бірі. Осы мәселелерді зерделеу көптеген салаларда төңкеріс жасады және биомедицинаның дамуына айтарлықтай ықпалын тигізді. Сондықтан, біз қартаю процестерін зерттеу үшін жасанды интеллектті қолдану саласындағы ірі әзірлемелері бар Insilico Medicine компаниясымен ынтымақтасуға дайынбыз», - дейді National Laboratory Astana орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов.

Келісімнің аясында тараптар көптеген үлгілер деректерінің негізінде адам қартаюы биомаркерлерінің жасанды интеллект жүйесін дамытуға ниетті. Бұдан басқа, «Insilico» компаниясы сау тіндер мен аурулармен зақымдалған тіндердің арасындағы дифференциалды өзгерістерді бағалауға, сондай-ақ әртүрлі жас шамасындағы адамның тіндерін салыстыруға арналған сигналды тәсілдерді талдау бойынша қосымша қызметтерді қамтамасыз етеді.

«Назарбаев Университеті» халықаралық жетекші жоғары оқу орындарында білім алған мамандар еңбек ететін, қазіргі заманғы жабдықтары мен жоғары білікті персоналы бар, Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы қарқынды дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Бұл мекеме ең озық технологияны жүзеге асыру орны болды және біздің компаниямыз өмір сүру ұзақтығын зерттеу үшін жоғары технологиялық шешімдерді іске асыру бойынша жеткізушілердің бірі болғанына қуанышты», - деді  «Insilico» компаниясының бас директоры Александр Жаворонков.

Компанияның басшысы Александр Жаворонков Назарбаев университеті National Laboratory Astana-ның қолдауымен өткен «Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру» атты IV  Халықаралық ғылыми конференциясы спикерлерінің бірі болғанын естеріңізге саламыз. Назарбаев университеті National Laboratory Astana ғалымдарының биомедицина саласындағы тәжірибесі «Insilico Medicine. Inc» компаниясына қызықты, өйткені бұл компанияда қартаюға байланысты обыр және басқа да ауруларды емдеуге арналған дәрілік құралдарды әзірлеумен айналысады.

2016 Конференция: фотосүреттер топтамасы

2016 Конференция: фотосүреттер топтамасы

May 13, 2016

Чарльз Кантор, Ричард Баркер, Элизабет Пэриш, Ави Рой, Рори Шоу және басқа да атақты ғалымдар биыл конференция спикерлердің арасында.

Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру конференциясы өтуде

Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру конференциясы өтуде

May 12, 2016

DSC_0214Бүгін Назарбаев Университетінде National Laboratory Astana-ның бастауымен «Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру» атты IV  Халықаралық ғылыми конференция өтті. Оның негізгі мақсаты регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру туралы ғылыми негіздегі өзекті мәселелер мен осы саладағы жетістіктерді тақылау болып табылады. Осы жылғы конференцияның басты тақырыбы - геронтология және биомедицина саласында инновациялық зерттеулер мен ғылыми жаңалықтар бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.  

Конференцияға Қазақстанның, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея елдерінің алдыңғы қатарлы университеттері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының әйгілі ғалымдары қатысты.  

«Регенеративті медицина ғылым мен биомедициналық өнеркәсібінің ең озық технологиялық және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады, сондай-ақ ол мемлекеттер мен ғалымдар арасындағы үнемі жаһандық білім  алмасуды талап етеді. Біздің конференция регенеративті медицина мен ұзақ өмір сүру саласындағы соңғы ғылыми жетістіктермен және әзірлемелермен танысу алаңына айналып, біздің елдеріміздің ғалымдары арасындағы жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытудың негізі болады», - дейді National Laboratory Astana орталығының бас директоры Жақсыбай Жұмаділов.

«Инновациялық медицина, биоинженерия және жасушалық технология» конференциясының пленарлық отырысына әйгілі ғалымдар, биомедициналық индустрия өкілдері, атап айтқанда Оксфорд университеті Тұрақты медициналық инновацияларды жылжыту орталығының (CASMI) профессоры және негізін қалаушы Ричард Баркер, «BioViva Science» корпорациясының (Вашингтон, АҚШ) президенті Элизабет Пэрриш, Биогеронтология зерттеулері британдық қорының (BGRF) президенті, биомедицина және информатика саласының докторы Ави Рой, Сеул ұлттық университетінің Бағаналы жасуша зерттеу орталағының директоры (Оңтүстік Корея) Kyung-Sun Kang, Шанхай университетінің (Shanghai JiaoTong University, Қытай) био-нано-ғылым және инженерия департаментінің директоры, профессор Daxiang Cui қатысты.   

«Сапалы ұзақ өмір және геронтология», «Нейродегенеративтік және неврологиялық аурулар» атты басқа екі пленарлық отырыста Шарите университетінің профессоры (Charité - Universitätsmedizin Berlin, Германия) Керим Мутиг, Брайтон университетінің (Ұлыбритания) фармакология және бимолекулярлық ғылымдар мектебінің профессоры Пол Гард және басқа да белгілі ғалымдар қатысты.

Сонымен қатар, конференция аясында Қазақстан Республикасында геномдық зерттеулерді дамыту жөніндегі сателлит дөңгелек үстел өтті, сондай-ақ биомедицина мен биотехнологиялар мәселелеріне арналған жұмыстар ұсынылған, жас ғалымдар арасында дәстүрлі болған «Best poster presentation» байқауының қорытындысы жасалды.

Анықтама ретінде: 2011 жылы Астанада регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру жөніндегі бірінші конференция өтті. Онда геномика және жасуша биологиясынан эпидемиология және қартаюмен байланысты ауруларды емдеудің нақты әдістерін әзірлеу бойынша мәселелердің кең аясы талқыланды. Аталмыш конференцияға АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және басқа да елдерден келген ірі халықаралық сарапшылар, атап айтқанда Алан Рассел, Джеффри Гинзбург, Обри де Грэй, Элисон Мэрдок, Кит Кэмпбелл және басқа да атақты ғалымдар қатысты. Конференция аясында пленарлық отырыстар, ауызша баяндамалар мен пікірсайыстар өткізілді.

Регенеративті медицинаның мақсаты – жасушалық және биоинженерлік технологиялар мен тәсілдердің көмегімен ағзаның ауруларға шалдыққан немесе зақымдалған тіндерінің құрылымдары мен функцияларын қалпына келтіру. Биомедициналық ғылымды Қазақстанда ойдағыдай дамыту үшін Назарбаев университетінде National Laboratory Astana базасында биоинженерия, регенеративті медицина және нейрофизиология, геномдық медицина, эксперименттік және клиникалық фармакология және фармация, биосенсорлық технологиялар ғылыми-зерттеу институттары құрылып, тиімді жұмыс істеуде. Осы институттардың бірегей зерттеулерінің нәтижелері Қазақстанға Еуразия өңіріндегі халықаралық биомедициналық хабына айналуға мүмкіндік береді.

“Регенерациялық медицина және сапалы ұзақ өмір сүру” атты IV  Халықаралық ғылыми конференция

“Регенерациялық медицина және сапалы ұзақ өмір сүру” атты IV Халықаралық ғылыми конференция

May 5, 2016

БАҚ үшін хабарлама

conferenceУақыты: 11-12 мамыр 2016 ж., 09.00

Мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 53, Назарбаев Университеті, Сенат холл залы, 3 этаж

Назарбаев Университетінде «Регенерациялық медицина және сапалы ұзақ өмір сүру» атты IV  Халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру туралы ғылыми негіздегі өзекті мәселелер мен мүмкіндіктер қарастырылады. Осы жылғы конференцияның басты тақырыбы - геронтология және биомедицина саласында инновациялық зерттеулер мен ғылыми жаңалықтар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың дамуына бағытталған.  Аталмыш конференцияның   өткізілуі Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми деңгейін дамытуға және халықаралық ғылыми қоғаммен тығыз байланыс орнатуға септігін тигізеді.
Конференцияда жақын және алыс шет мемелекеттердің жетекші білім ордаларының танымал  ғалымдары,  Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу орталықтары мен мемлекеттік мекеме басшылары, мемлекеттік және коммерциялық білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысады.

  

Cluster Ion-Solid Interactions: Theory, Simulation, and Experiment”- профессор Инсеповтың жаңа кітабы

Cluster Ion-Solid Interactions: Theory, Simulation, and Experiment”- профессор Инсеповтың жаңа кітабы

April 18, 2016

foto insepov's book Назарбаев университетінде Зинетула Инсепов жүргізетін “Cluster Ion-Solid Interactions: Theory, Simulation, and Experiment” кітабының тұсаукесері өтті.  Кітабы  роман кластерлік ион түйiнінiң технологиясы негізінде жатқан физикалық кластердегі және физиканың тақырыптарына жатқызылатын әр түрлі ұғымдарға, соның ішінде негізгі фундаменталды және құралдар туралы баяндалады. Материялдар автордың Киото университетінде, Purdue Университетінде, Физика және Технологиялар Мәскеу Институтында, және Мәскеу Инженерлік-Физика институтында берген жоғары қарастырылатын курстары бойынша, сондай-ақ оның Киото университетінде және Аргонн Ұлттық Зертханасында кластерлік ион түйiнінiң ғылыми-зерттеу өтініштерінің нәтижелері бойынша негізделген. 

Зинетулла Инсепов Назарбаев Университетінің NURIS орталығының бас ғалымы болып табылады. Зинетула Инсепов PhD, DSc - Пердью Университетінің Ядролық Инженерия мектебінің адъюнкт-профессоры және Мәскеу инженерлік-физика институтында (МИФИ) Конденсациялау физика кафедрасының профессоры. Доктор Инсепов сондай-ақ Сколково институтының Ғылым және Технологиялар (Skoltech) / Массачусет технологиялық институты (MIT) бастамасының құрылтай факультетінің ғылыми қызметкері болып табылады. Ол бұрын осы кітап негізінде жазылған орындар Albert Ludwig of Freiburg Университетінде, Киото университетінде, Epion Жапония және Аргонн Ұлттық Зертханасында жұмыстар атқарды.