«Antibiotic Resistance» атты халықаралық семинар басталуда

«Antibiotic Resistance» атты халықаралық семинар басталуда

June 21, 2017

Астанада Назарбаев университетінің National Laboratory Astana және Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) аясында адамдарды, оның ішінде балаларды емдеу кезінде антибиотиктерді қолдану мәселелеріне арналған «Antibiotic Resistance» атты халықаралық семинар басталды.

 Семинар жұмысына Еуропа, АҚШ, Үндістан, Жапония, Израиль, Ресей, Грузия, Армения және Қырғызстан елдерінен ғалымдар, сонымен қатар қазақстандық зерттеушілер мен дәрігер-практиктер қатысуда.

Семинардың ашылуында National Laboratory Astana Бас директоры профессор Жақсыбай Жұмаділов әлемге тараған антибиотиктерге деген төзімділіктің өте қауіпті бола бастағанын мәлімдеді. Ол болашаққа болжамды ғана білдірмейді, антибиотиктерге деген төзімділік қазіргі уақытта әлемнің әр өңірінде көрініс табатындықтан, адамның денсаулығына оның түрі мен жасына қарамастан кері әсер етеді.

Жаһандық ұжымдық іс-әрекеттер аталған қауіпті шешу бойынша микробтарға қарсы препараттарға төзімділікке қатысты халықаралық шарттарды дайындау жөнінде ұсыныстарды, сондай-ақ денсаулық сақтауда мемлекеттік құрылымдардың жұмысында, тамақ өнімдеріндегі қауіпсіздік жүйесінде, ветеринария және қоршаған ортаны қорғауда үйлестіруді орнатуды қамтиды. 

Екі күн ішінде ғалымдар өз жұмыстарында адамдар популяциясындағы дәрілік заттарға төзімділіктің себептерін және адамдардың немесе жануарлардың арасында резистентті штаммдардың таралуын жариялайды деп күтілуде. Сонымен қатар, емдеудің балама әдістері туралы деректер жарияланады, антибиотикотерапияның жаңа түрлеріне шақыруға қарамастан, жаңа препараттар сирек әзірленуде. АҚШ зерттеушілері дәрілік заттарға төзімділік қауіпі мониторингісінің ұлттық және халықаралық бағдарламалары туралы айтатын болады.

Шанхайда қытайлық серіктестермен бірлесе отырып NLA зертханасы ашылады

Шанхайда қытайлық серіктестермен бірлесе отырып NLA зертханасы ашылады

June 14, 2017

Шанхайдағы ірі ғылыми-зерттеу медициналық орталығы болып табылатын Тунжэнь ауруханасында Астана Ұлттық зертханасымен бірлескен халықаралық зертхана ашылады. Онда асқазан-ішек жолдары ісіктеріне, неврологиялық ауруларға, жүрек-қан тамырлары ауруларына зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ қартаю процестерімен ассоцияланатын аурулар мен адамның қартаюына байланысты мәселелер зерттелетін болады.

Қытайлық әріптестермен келіссөздер жүргізудің барлық кезеңдеріне тікелей қатысқан  National Laboratory Astana Бас директоры профессор Жақсыбай Жұмаділовтің айтуынша Қазақстан-Қытай бірлескен жобасының ашылуы – екі жаққа да тиімді ынтымақтастық болып табылады және бұл ғалымдарға медицинаның маңызды мәселелерін шешу жолында тәжірибе мен білімдерін тезірек алмасуға көмектеседі.

NLA-орталығының ақпараттық дайджесі шығаруда

NLA-орталығының ақпараттық дайджесі шығаруда

April 20, 2017

Newsletter NLA 2017Қүрметті оқырмандар, сіздерді жаңа NLA-орталығының ақпараттық дайджесін оқуға шақырамыз.

Министрден алғыс хат

Министрден алғыс хат

February 3, 2017

Қазақстан Ішкі істер министрі, генерал-полковник Қалмұханбет Қасымов «National Laboratory Astana» жеке мекемесі Бас директоры, профессор Жақсыбай Жұмаділовті  алғыс хатпен марапаттады. Жақсыбай Жұмаділов Ішкі істер министрлігінің құрамындағы қоғамдық кеңестің мүшесі болып табылады.  Қазақстан Республикасының  Президентінің тапсырмасымен ҚР Заңына сәйкес құрылған Қоғамдық кеңес «Қоғамдық кеңестер туралы» және «бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдар» айтылған.  Өздеріңізге белгілі болғандай қоғамдық кеңестер, түрлі министрліктер жанындағы көрнекті мәдениет, білім, ғылым және спорт қайраткерлері, сондай-ақ парламент мүшелері және адам құқықтарын қорғау белсенділері шақырылды. Министр Қалмұханбет Қасымов айтқандай Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері жобалар мен түрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық іс-шараларды талқылауда белсенді қатысты, соның барысында үлкен жұмыс атқарылды.

NLA-орталығының анықтамалығы шығаруда

NLA-орталығының анықтамалығы шығаруда

November 28, 2016

 Қүрметті оқырмандар, сіздерді жаңа NLA-орталығының анықтамалығын  оқуға шақырамыз.NLA_HB_web

 

Назарбаев Университеті «Қазақстанның ең көп дәйектеме келтірілетін ғылыми ұйымдары» номинациясында жеңімпаз болып танылды

Назарбаев Университеті «Қазақстанның ең көп дәйектеме келтірілетін ғылыми ұйымдары» номинациясында жеңімпаз болып танылды

November 16, 2016
Назарбаев Университеті Thomson Reuters-тің деректері бойынша Қазақстанның ең көп дәйектеме келтірілетін ғылыми ұйымдарының арасында ең үздігі болып табылды.  
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ және «Thomson Reuters» компаниясы бірлесіп өткізетін «Ғылым және инновациялар – экономикалық дамудың негізі» атты форумның шеңберінде  ағымдағы жылы 18 қарашада өтеді. 
Web of Science (Thomson Reuters) ақпараттық ресурстарының деректері бойынша жарияланымдар белсенділігі мен дәйектеме келтірілген жарияланымдардың жоғары көрсеткіштері үшін Назарбаев Университетінің зерттеушілері Алмагүл Ментбаева, Әділ Әшірбеков және Марина Кішкентаева «Leader of Science-2016» («Ғылым көшбасшысы-2016») тәуелсіз наградасының иегерлері атанды.  
Жас ғалымдар «Импакт-факторы жоғары журналдардағы Қазақстан мақалалары» номинациясында жеңіске ие болды: Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana компаниясының аға ғылыми  қызметкері Алмагүл Ментбаева импакт-факторы 8,77 «NPG Asia Materials» журналында «Бактерияларға төмен молекулярлық толтырғыштары мен мульти қайтарымы бар нанокомпозиттік пленкалар» атты жарияланымы үшін;  Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің кіші ғылыми қызметкері Әділ Әшірбеков және Назарбаев Университетінің аға  менеджері Марина Кішкентаева – импакт-факторы 3,05 «Educational Researcher» журналында «Адам капиталының дамуына көмектесу: жоғары білім саласындағы халықаралық стипендиялық бағдарламалардың типологиясы» атты мақаласы үшін   марапатталды.
Сондай-ақ 2015 жылы Назарбаев Университетінің белгілі ғалымдары Жұмабай Бәкенов және Әсия Ермұхамбетова  Канаданың ғалымдарымен бірлесіп аккумуляторлық батареяларға арналған жаңа композиттік катодтарды жасаған жұмысы үшін Thomson Reuters-тің деректері бойынша  «Leader of Science» («Ғылым көшбасшысы-2015») наградасының иегерлері болғаны туралы естеріңізге саламыз.  
NLA-орталығының командасы Римде өтетін «BioMAH» атты халықаралық конференцияда бірінші орынға ие болды

NLA-орталығының командасы Римде өтетін «BioMAH» атты халықаралық конференцияда бірінші орынға ие болды

October 26, 2016

National Laboratory Astana-орталығының зерттеушілер әлемнің жиырма бес елінен әйгілі ғалымдары мен биотехнологтарымен  бірігіп «Biomaterials for Healthcare: Tissue and Genetic Engineering and the Role of Nanotechnology» (BioMAH) атты  халықаралық ғылыми конференцисына қатысты. Оның негізгі мақсаты: регенеративті медицина және инновациялық биоматериалдар туралы ғылыми негіздегі өзекті мәселелер мен осы саладағы жетістіктерді талқылау. Осы жылғы конференцияның басты тақырыбы – биомедицина, тіндік регенерациялау мен «ақылды» наноматериалдар және жасушалық технологиялар саласында инновациялық зерттеулер мен ғылыми жаңалықтар бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Конференция барысында NLA-орталығының Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының зертеушілері регенеративті медицина және тіндік биоинженерия саласында бірнеше ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижелерін ұсынды. Оның ішінде  кіші ғылым қызметкері Юлия Сафарова ұсынған «Бауыр мен сүйек ұлпасы патологиясы кезінде компенсаторлы және регенеративті процесстерді жылдамдату үшін қазіргі заманғы жасушалық технологиялардың клиникалық трансляциясы методологиясын дайындау» атты жобаның нәтижелері “BioMAH” сараптамалық комиссиясы жоғары бағалады. Сол жоба  «Best oral young reseacher’s presentation» номинацияда бірінші орынды жеңіп алды. Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының меңгерушісі Шолпан Асқарованың айтуынша,  остеопороз немесе Педжет ауруы сияқты аурулар кезінде сүйектегі зат алмасудың бұзылуы остеокластық белсенділіктің өсуіне және остеобластардың санының төмендеуіне себеп болады. Остеобластардың санын өсіру үшін аутологиялық мезенхимальды өзекті жасушаларды (МӨЖ)  қолдануы әдістемесі ұсынылды. Сүйек ұлпасының зақымдалу ошақтарына клеткаларды жеткізу үшін, арналған ұлпаларға бағытталған жүйелерді жасау мақсатында, МӨЖ-мен тұрақты байланысатын  және сүйек ұлпасына тропты полимер синтезтелінді.Полимердің цитотоксикалық әсері жіне оның in vitro жағдайында МӨЖ-дің остегенді дифференциациясына әсері бағаланды.Бұл әдістеме сүйек ұлпаларының регенерациясын жақсартады және өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізеді және осы санаттағы науқастардың мүгедектілікті төмендетуге мүмкіндік береді.  

National Laboratory Astana-ның орталығы оқу семинарларды өткізуге туралы өтінімдерді алуға хабарлайды

National Laboratory Astana-ның орталығы оқу семинарларды өткізуге туралы өтінімдерді алуға хабарлайды

October 13, 2016

National Laboratory Astana-ның орталығы ғылыми зерттеу әдістеріне, жобалауына және менеджментіне кіріспе атты оқу семинарларды өткізуге туралы өтінімдерді алуға хабарлайды. Семинарлар ғылыми зерттеу әдістері, жобалауы және менеджменті туралы дәрістер, дәріс материалдарын қамту бойынша жеке тестілеу, тәлімгермен бірге топтық сабақтар, ғылыми зерттеу жобасын дайындау және презентациялау бағдарламаларын қамтиды. NLA орталығы Назарбаев Университетіне енетін Ұлттық медициналық холдингі мен Университеттің медициналық мектебі интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің бөлігі болып табылады. NLA орталығының зерттеушілері Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары үшін қоғамдық денсаулық сақтау саласында, биомедицинада, эпидемиологияда, жаһандық денсаулық сақтау және дербес медицина саласында, өз білімдері мен тәжірибелерімен жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтары мен тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдерімен бөліседі.

Төмен көміртекті энергетика саласына қызығушылық артуда

Төмен көміртекті энергетика саласына қызығушылық артуда

September 28, 2016

26-28 қыркүйек аралығында Назарбаев университетінде жас ғалымдарға арналған «Ньютон – Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы шеңберінде төмен көміртекті қуат пен «жасыл экономикаға» ауысу мәселелері жөнінде семинар ұйымдастырылды.   

Семинарда зерттеушілердің ұсыныстары мен жұмыстары балама қуат көздерін дамыту, қуат үнемдеу мәселелері мен келешегін, сондай-ақ ҚР-дағы экологиялық міндеттерді шешу принциптерін анықтауға мүмкіндік беретінін Назарбаев Университеттің вице-президенті Қанат Байғарин атап өтті. «Ньютон – Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасының нәтижелілігін айта келе Қ.Байғарин аталмыш бағдарламаның барлық қатысушыларына алғыс білдірді.

Семинар жұмысына Қазақстан мен Ұлыбританияның зерттеу орталықтарының, университеттерінің жас ғалымдары қатысты: Cranfield University, Назарбаев Университетінің Қуат, экология және климат зертханасының қуат зерттеу орталығы, KEGOC компаниясы, University Aberdeen, University College London, Атырау мұнай және газ университеті, University of Surrey, Newcastle University, De Montfort University.

Бұл  семинар – бизнес, ғылым және үкімет үшін платформа қызметін атқаратын жыл сайынғы воркшоп. Екі күн бойы көмектікті емес энергетиканың дамуына септігін тигізетін түрлі жобалар нұсқалары талқыланды. Қазақстан өзіне парник газдарының бөлінуін азайту бойынша мақсаттарды қояды және парник газының бөлуінуінің азайту жөніндегі Париж келісімін ратификациялады. Осы себепті ол ертең емес, бүгіннен бастап ауқымды шаралар қабалдылдауға міндеттенеді. «Мұны жүктеме деп емес, "Қазақстан-2030" стратегиялық жоспарында белгіленген тапсырмаларды тезірек орындау, дамыған 30 елге қатарына кіру үшін экономикамызды трансорфмациялау мүмкіндігі деп қабылдау керек,» - дейді Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana Энергетика, экология және климат зертханасының жетекшісі Ербол Ахметбеков. «Бұл бағдарламалардың барлығы экономиканы қайта құруды, энергетикалық сектордың жаңартылуын және мұнай мен газ сияқты дәстүрлі экономика секторларына тәуелділіктің азаюын қажет етеді. Британдық әріптестер түрлі технологиялық процестерді оңтайландыру мен кәсіпорын тиімділігін арттыруда біраз тәжірибеге ие. Көмір химиясы, мұнайы химиясы мен биоотын өндірісінде жақсы жұмыстар жасалған. Қазақстанда көміртегі шикізатының, мұнайдың, газдың, көмірдің үлкен қоры бар, биоотын өндірудің мүмкіндіктері мол. Сол себепті осы технологияларды және тәжірибені игеруіміз аса маңызды. Бұл іс-шараның идеясы қазақстандық ғалымдардың еңбектері шаң басып жатпай, белсенді кәсіпорындарға ендірілуі болып табылады. Біз ғылым мен бизнестің басын қосатын ортақ платформа құрғымыз келеді. Алайда бұл механизмнің жұмысы жүріп кетуі үшін үкімет тарапынан үшінші қатысушы қажет. Платформа форматы мынадай: алдымен техникалық сесиялар өткізіліп, ұсыныстарға талдау жасалады да, актуалды түрінде бизнеске беріледі. Қазақстанға тән ерекшеліктерді ескере отырып іріктеулер жасалады. Ғалымдардың мүмкіншіліктері ескеріледі. Өнеркәсіпті өркендету үшін технологияларды жаңарту керек, әр жұмсалған теңгенің қайтарымы молынан болады.  Біз табысты ғылым және бизнес жобаларын ұсынатын боламыз, осы екі күн нәтижелері бойынша жекелеген кеіестер береміз, тікелей жоба авторларымен сөйлесеміз».

Семинар жұмысына академиялық орта өкілдері мен жас ғалымдар ғана емес, тікелей өндіріс өкілдері де шақырылды.

 

NLA-орталығының ақпараттық дайджесі шығаруда

NLA-орталығының ақпараттық дайджесі шығаруда

September 19, 2016

2016 newsletter_09_16_ finalҚүрметті оқырмандар, сіздерді жаңа NLA-орталығының ақпараттық дайджесін оқуға шақырамыз.