Назарбаев Университетінде INURA қуатты импульсті ион үдеткіші іске қосылды

Назарбаев Университетінде INURA қуатты импульсті ион үдеткіші іске қосылды

November 2, 2018

 Назарбаев Университетінде дәлдігі жоғары импульсті ион үдеткіші INURA (Innovative Nazarbayev University Research Accelerator) негізінде жаңа зерттеу кешені іске қосылды. INURA үдеткіші Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын «Заттың ауыспалы кезеңін, перспективалық материалдар мен энергия көздерін зерттеудің НУ – Беркли стратегиялық бағдарламасы» бесжылдық ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылды.

INURA үдеткіші әзірленген жоба Қаната Байғарин және НУ Ғылым және технологиялар мектебінің профессоры Александр Тихонов бастаған Назарбаев Университетінің ғылыми-зерттеу тобының жетекшілігімен жүргізіледі. Жобаның жауапты орындаушысы «National Laboratory Astana» ЖМ аға ғылыми қызметкері Марат Қайқанов болып табылады. Үдеткіш NLLB (АҚШ-тың Берклидегі Лоуренс Ұлттық зертханасы) және TPU (Томск политехникалық университеті, Ресей) бірлесіп жобаланған және құрастырылған.

INURA – 10 000-ға жуық ампермен, ұзақтығы 80 нс (наносекунд) және 400,000 эВ-қа дейін энергияны (протондар мен көміртегі иондары) беретін жоғары импульсті ион үдеткіші.
INURA үдеткіші іргелі және қолданбалы зерттеулердің кең ауқымы үшін әзірленген көп мақсатты зерттеу кешені болып табылады. Атап айтқанда, үдеткіш арқылы құрылған иондық сәуле түрлі қатты заттардың, соның ішінде наноматериалдардың құрылымдық модификациясы үшін бірегей және тиімді құрал болып табылады. Бұдан басқа, INURA үдеткіші жоғары қуатты иондық сәулелер физикасы және плазма физикасы сияқты салаларда жаңа ғылыми нәтижелер береді. Болашақта индустрия үшін тартымды технологиялар INURA үдеткіші негізінде әзірленетін болады: материалдың тозуға төзімділігін күшейту және ұлғайту, нанобөлшектерді синтездеу, биотехнология саласында қолдану.

INURA үдеткіші жақында (өткен айдың ортасында) НУ-да іске қосылғанына қарамастан Назарбаев Университетіндегі көптеген зерттеу топтары, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік ғылыми орталықтар оны пайдалануға және бірлескен зерттеулер жүргізуге қызығушылық білдіріп отыр. Айта кету керек, үдеткішті әзірлеген зерттеу тобы ашық өткізгіш жабындарды модификациялау, нанобөлшектерді синтездеу, наноматериалдардың құрылымдық модификациясы және көлемдік плазмадағы наносекундтық шоқтарды зарядсыздандыруды зерттеу үшін импульстік сәулелерді пайдалану бойынша қаржыландырылған жобаларды жүзеге асырады

INESS-2018 басталуда

INESS-2018 басталуда

August 3, 2018

Құрметті әріптестер!
Сіздерді Наноматериалдар мен озық энергия сақтау жүйелеріне арналған 6-шы халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясына (INESS-2018) сонымен катар, Бейорганикалық фосфат материалдарына арналған 10-шы халықаралық симпозиумына 2018 (ISIPM-10) шакырамыз. Конференция Астана қаласының Назарбаев Университетінде 8-10 тамыз аралығында өтеді, оның ұйымдастырушылары: Назарбаев Университеті (NU), National Laboratory Astana (NLA), «Аккумуляторлар институты» ЖШС және Жапон фосфорлық химия ассоциациясы. 
Мұқият тексерулер мен рецензенттің түсіндірмелеріне сәйкес өзгертулерден кейін конференцияда баяндалған жұмыстар жинақ түрінде импакт-факторы жоғары журналда басып шығарылады. Конференцияға әлемнің озық елдерінен келген ғалымдар қатысады және материалтану, нанотехнология, экология, қайта қалпына келетін энергия көздері және энергия сақтау жүйесі саласындағы дамулар мен мәселелер жөнінде өз зерттеулерімен бөліседі. Бірлескен конференцияның барысы бірнеше телеарналарда, газеттерде және Интернет-сайттарда қамтылады. Конференция ашық іс-шара болып табылады,  және академия, өнеркәсіп саласындағы мамандар және инвесторлар қатыса алады. Біз бірнеше серіктес компаниялардың және инвесторлардың қатысуын күтеміз.

INESS конференциясы елімізде 2013 жылдан бері өткізіліп келуде (Астана, Алматы қ.). 2018 жылы конференцияға Жапония, Корея, Франция, Қытай, Ресей, Канада, БАӘ, Ұлыбритания, Түркия және Қазақстан мемлекеттерінен келген жетекші ғалымдары мен студенттері қатысады, сонымен қатар материалтану, нанотехнология, экология, қайта қалпына келетін энергия көздері және энергия сақтау жүйесі саласындағы жаңа жетістіктер мен мәселелер жөнінде өз зерттеулерімен бөліседі.

Қосымша ақпаратты www.INESS2018.com  ресми сайтынан ала аласыздар. Алдағы өткен конференция жөніндегі ақпаратты INESS-2016, INESS-2017 сілтемесі бойынша табуға болады.

Сіздермен INESS-2017 конференциясында кездесуді асыға күтеміз!

Құрметпен,

Ұйымдастырушы комитет төрағасы

Профессор Жұмабай Бакенов,

Инженерия мектебі, Назарбаев Университеті,

«Институт аккумуляторов» ЖШС,

Қабанбай батыр даңғылы, 53 Астана 010000 Қазақстан

Тел.: +7 7172 70 65 30; Email: zbakenov@nu.edu.kz

Веб-сайт: https://nu.edu.kz, batterykazakhstan.com

NLA шығарылған «НӘР» синбиотигі Астана және Ақмола облысы нарығына шықты

NLA шығарылған «НӘР» синбиотигі Астана және Ақмола облысы нарығына шықты

April 25, 2018

9F6A7657Бүгін «Агрофирма «Родина» ЖШС сүт зауытында «НӘР» функционалды тағам өнімінің жетілдірілген дизайны бар қаптамадағы бірінші топтамасы шығарылды. «НӘР» синбиотигі – NLA жасалған бірінші функционалды тағам өнімі бірқатар бірегей қасиеттерге ие: иммунитетті нығайтады және белсенді ұзақ өмір сүру қабілетіне септігін тигізеді. Қант диабеті, артериалды гипертензиясы, семіздік пен артық салмағы, метаболизмдік сендромы және кардиоваскулярлық дерттері бар адамдарға бұл өнімнің терапевтік тиімділігі клиникалық тұрғыда дәлелденген. «НӘР» онкологиялық аурулардың, оның ішінде колоректальді қатерлі ісіктің алдын алуға таптырмайтын өнім. «НӘР» синбиотигі медицина ғылымдарының докторы Алмагүл Құшұғұлова басқаратын Адам микробиомасы және ұзақ өмір сүру NLA зертханасында жасалды. Бұл тамақ өнімдерінің отандық нарығына өнеркәсiптiк өндiрiсіне шыққан қазақстандық ғылымның алғашқы және бірегей өнімі. Бұған NLA және «Агрофирма «Родина» ЖШС зерттеушілерінің көп еңбекті талап ететін жұмыстары едәуір септігін тигізді, олар «НӘР» синбиотикалық өнімінің өңделген технологиялық өндірісін жаңа технологиялық желі базасында өнеркәсіптік сынамадан өткізді. Барлық технологиялық режимдер игерілді, технологиялық персоналдың өзара әрекеттесуі бойынша шаралар реттелді. Өнеркәсіптік сынық өткізілген соң тұтынушылар үшін өнімнің тартымдылғын ұлғайту мақсатында өнім қаптамасының дизайнын жетілдіру бойынша жұмыстар басталды. «НӘР» синбиотикалық өнімін шығару салтанатына «Агрофирма «Родина» ЖШС директоры Иван Сауэр, «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы Әнуарбек  Сұлтанғазин және Назарбаев университетінің «University Medical Center» корпоративті қорының басқарма төрағасы, NLA бас директоры лауазымын бұрын атқарған, «НӘР» синбиотикалық өнімін жасап шығарушылардың бірі Жақсыбай Жұмаділов қатысты.

Профессор Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмаділов «University Medical Center» қорының Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Профессор Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмаділов «University Medical Center» қорының Басқарма төрағасы болып тағайындалды

April 10, 2018

20180405095957«University Medical Center» Корпоративтік қорының Қамқоршылық Кеңесінің шешімімен «National Laboratory Astana» ЖМ бұрын жетекшілік еткен профессор Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмаділов Қордың Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Жақсыбай Жұмаділов Семей мемлекеттік медициналық институтының түлегі, 1990 жылы Мәскеу қаласында КСРО МҒА А.В. Вишневский атындағы Хирургия Институтында докторлық диссертациясын қорғады,  2004 жылы  Хиросима университетінде, Жапония, медицина саласындағы Ph. D. дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолын Семей қаласында бірінші қалалық ауруханада  дәрігер-хирург ретінде бастады. Семей мемлекеттік медицина институтының факультеттік хирургия кафедрасының меңгерушісі, проректор қызметін атқарды. 1999-2004 жылдары Жапонияда Хиросима университетінде шақырылған профессор ретінде еңбек етті. 2004 жылдан бастап 2008 жылға дейін Семей мемлекеттік медицина академиясының ғылыми-емдеу ісі жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді.

2008-2011 жылдар аралығында «Ұлттық Медициналық Холдинг» АҚ Атқарушы директоры (ҰМХ), Астана қаласында  Астана Медицина университетінің ректоры, «Астана Медицина университеті»АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы.

2011 жылдың қаңтар айында «Өмір туралы ғылымдар орталығы» ЖМ басқарды. 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Назарбаев Университетінің «National Laboratory Astana» ЖМ Бас директоры.

Ж. Жұмаділов  550-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 5 монография мен 30-дан астам өнертабыстың авторы. Оның ағылшын және жапон тілдерінде 200-ден аса еңбегі жарияланды. 5 докторлық және 22 кандидаттық диссертациялардың жетекшісі.

«Rejuvenation Research», «International Journal of Probiotics& Prebiotic», «Central Asian Journal of Global Health», «Gerontology& Geriatrics Research» беделді американдық журналдардың редколлегия мүшесі.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары, КСРО ыдырағаннан кейін, өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуға зор үлес қосқан, халықаралық қайырымдылық ұйымдар арқылы  ауруханалар үшін медициналық жабдықтар мен дәрі-дәрмектерді тартқан. Семей аймағында АҚШ Обыр Институтымен бірлесіп қалқанша без ауруларын және сәулемен емдеу дозасын скринингтеу бойынша бірінші халықаралық жобаның бірлескен жетекшісі.

«Экология, Радиация, Денсаулық» халықаралық қорының  қызметі шеңберінде Семей өңіріне американдық инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізді. Семейдің дәрігерлері мен медбикелері  үшін АҚШ пен  Жапонияның клиникаларында тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру жұмыстарын атқарды.

Қазақстанда алғаш рет Семей ядролық полигонына іргелес өңірлерде түйінді қалқанша без ауруларын диагностикалау үшін жіңішке инелі аспирациялық биопсия әдісін енгізді. Түйінді қалқанша без ауруларын емдеудің инвазивтік жоғары деңгейде емдеу әдістері алғаш рет әзірленді. Жапон ғалымдарымен бірлесіп полигонға іргелес бірқатар елді мекендерде  қалқанша без функциялары мен йод тапшылығының жағдайын зерттеді.

Қазақстанның ғылым мен денсаулық сақтау саласын дамытуға үлкен үлес қосты. Атап айтқанда, Ж. Жұмаділов жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған заманауи инфрақұрылымы бар  Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығының негізін қалаушылардың бірі. 

Ж. Жұмаділовтің қосқан үлесінің арқасында НУ биомедицина саласындағы әлемдік көшбасшылармен әріптестік сәтті дамытуда. Қазақстанда алғаш рет геномдық және дербес медицина, биоинформатика, регенеративтік және трансляциялық медицинаның ғылыми негіздері қаланған, сондай-ақ клиникалық практиканың, білім мен ғылымның заманауи парадигмасын дамыту тұжырымдамасы әзірленді.

Профессор Жақсыбай Жұмаділов 4 тілді (қазақ, орыс, ағылшын және жапон) меңгерген. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» сыйлығының иегері, «Құрмет» Орденінің кавалері, 2015 ж., «Алтын Адам» номинациясы бойынша «Ғылым қайраткері» халықаралық сыйлығының лауреаты, 2015 ж. Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 2017 ж.

Қазақстанда адам өмірін ұзартатын өнім шығаруда

Қазақстанда адам өмірін ұзартатын өнім шығаруда

December 7, 2017

NQBQ1963Кеше Астанада өтіп жатқан жалпыұлттық көпір барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адам өмірін ұзартуға септігін тигізетін  «НӘР» өнімді шығаруға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған өнімді Назарбаев Университеті  National Laboratory Astana-орталығының ғалымдары ойлап тапты.

«Бүгінде біздің зерттеулеріміз бизнес тарапынан сұранысқа ие бола бастады. Бір жобамыз нақты зерттеуден бастап өндіріске дейінгі кезеңді қамтитын ұзақ жолдан өтті. Бүгін «Нәр» атты инновациялық өнімді көрсеткіміз келіп отыр», - деді Назарбаев Университетінің вице-президенті Қанат Байғарин.

Аталған өнімді «Родина» агрофирмасы» ЖШС негізінде шығару жоспарланған. Компания басшысы Иван Сауэрдың айтуынша, «НӘР» адамның иммунитетін көтеріп қана қоймай, өмірді де ұзартады. Президент аталған өндірісті іске қосуға рұқсат берді.

NLA-орталығының зерттеушілері Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреатты атанды

NLA-орталығының зерттеушілері Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреатты атанды

December 7, 2017

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда сайты. Президент ғалымдарды төрт номинация бойынша марапаттады.

Төртінші "Белсенді ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етудің ғылыми дәлелденген әдістері" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы" мемлекеттік мекемесінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор - Валерий Васильевич Бенберинге;

"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» мемлекеттік мекемесінің бас консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор,  - Жақсыбай Шаймарданұлы Жұмаділовке.

 "Қазақстан  Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина ғылымдарының докторы - Әмір Амантайұлы Әхетовке;

"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор - Александр Евгеньевич Гуляевке;

 "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы - Алмагүл Рахымберліқызы Құшұғұловаға;

"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жетекші консультанты, медицина ғылымдарының докторы, профессор - Талғат Сейітжанұлы Нұрғожинге;

"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кеңесшісі, бас маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор - Ертай Қожахметұлы Сәрсебековке;

"Орталық клиникалық аурухана" акционерлік қоғамының бас дәрігерінің орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор - Гүлнұр Зейнелқызы Танбаеваға берілсін.

Мақсат Жабагин Д.А. Қонаев атындағы сыйлығының лауреатты атанды

Мақсат Жабагин Д.А. Қонаев атындағы сыйлығының лауреатты атанды

December 6, 2017

мавераннахр фотоҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Ерлан Сағадиевтің бұйрығына сәйкес ғылым саласындағы 2017 жылғы атаулы сыйлықтар жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған Д.А. Қонаев атындағы сыйлық «Орта Азия халықтарының генетикасы, мәдениеті және географиясы арасындағы байланыс» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін National laboratory Astana кіші ғылыми қызметкері Мақсат Жабағинға берілді.

Қазақ, орыс және өзбек генетиктері Мәуереннаһр, тағы да Трансоксиана — Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығындағы жерлері популяциясының генофонын зерттеді. Трансоксиананың генетикалық ландшафты және оның халықтарының географиясы мен мәдениетімен байланысы туралы мақала «Scientific Reports 7» журналында жарияланды (мақала нөмірі: 3085 (2017) doi: 10.1038 / s41598-017-03176-z). Оның авторлары Мақсат Жабагин (Назарбаев Университеті, НЛА) және проф. Елена Балановская (Ресейдің медициналық генетикалық зерттеу орталығы), сондай-ақ басқа генетиктер. Жұмыстың жетекшісі: профессор Олег Балановский (РҒА Жалпы генетика институты, Ресей).

Мақала мәтіні мына мекенжай бойынша оқуға болады: https://www.nature.com/articles/s41598-017-03176-z

NLA-орталығының ақпараттық дайджесі шығаруда

NLA-орталығының ақпараттық дайджесі шығаруда

November 10, 2017

 Құрметті оқырмандар!
Біз жаңа дайджесі қараша айы басылымын ұсынуға қуаныштымыз!
Оқуыңыз рахат көңіл-күй сыйласын!
READ NLA NEWSLETTER 2017 vol.2            

NLA-орталығының зерттеушілері «Ғылым көшбасшысы-2017» атағына ие болды

NLA-орталығының зерттеушілері «Ғылым көшбасшысы-2017» атағына ие болды

November 9, 2017

Награждение Тимура СалиеваWeb of Science (Thomson Reuters) ақпараттық ресурстарының деректері бойынша жарияланымдар белсенділігі мен дәйектеме келтірілген жарияланымдардың жоғары көрсеткіштері үшін  NLA- орталығының зерттеушілері Тимур Салиев, Елдар Байкен және Әлия Какпенова «Leader of Science-2017» («Ғылым көшбасшысы-2017») тәуелсіз наградасының иегерлері атанды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ және «Clarivate Analitycs» компаниясы бірлесіп 8 қарашада өтті. Сондай-ақ 2015 және 2016 жылы NLA-орталығының белгілі ғалымдары Жұмабай Бәкенов, Алмагүл Ментбаева жасаған жұмысы үшін Thomson Reuters-тің деректері бойынша  «Leader of Science» наградасының иегерлері болғаны туралы естеріңізге саламыз.

Назарбаев Университеті Springer Nature Awards халықаралық сыйлығының лауреатты атанды

Назарбаев Университеті Springer Nature Awards халықаралық сыйлығының лауреатты атанды

October 9, 2017

 фото победителей SPRINGERАлматыда Springer Nature ірі халықаралық баспасы мен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ тағайындаған ғылым мен техника саласындағы Top Springer Author тәуелсіз сыйлығымен марапаттау рәсімі өтті.

Биыл Назарбаев Университеті «Қазақстанның ең көп дәйектеме келтірілетін ғылыми ұйымдары» номинациясында жеңімпаз болып танылды. Қазақстан ғалымдарының ішінен Top Springer Author «Technology» номинациясында атап өтілгендер: Назарбаев университетінің зерттеушілері Жұмабай Бакенов және Әлия Кужабекова.

Springer Nature спикерлері Bart Verberck және Ирина Александрова  елдік шолу мен Орталық Азия елдері ғалымдарының жарияланымдық белсенділігіне талдау жасап, баспаның өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат берді. Шара соңында жас ғалымдарға, авторларға және ғылыми ұйымдардың өкілдеріне  халықаралық мастер-класс берілді.

Springer Nature - әлемдегі ең ірі халықаралық ғылыми баспалардың бірі. Springer Nature компаниясы  және Орталық Азияның ғалымдарының стратегиялық әріптестігіне көп уақыт болды. Мысалы, 1958-2017 жылдар аралығында Қазақстан ғалымдары Springer-дің  журналында 7000 мақала жарияланды.