Ғылыми кеңес

«National Laboratory Astana» ғылыми кеңесі Мекеменің консультациялық-кеңесші органы болып табылады. Кеңеспен қабылданған шешімдердің ұсынымдық сипаты бар. 

            Кеңестің негізгі міндеттері:

  • Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жетілдіру бойынша мәселелерді қарастыру, ұсыныстар әзірлеу, ұсынымдар енгізу;
  • ҚР Үкіметі айқындаған ҚР ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын іске асыруға жәрдемдесу;
  • Бірыңғай мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде Мекеменің басқа ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен, ғылыми қауымдастықпен өзара іс-қимыл бойынша мәселелерді қарастыру;
  • Ғылыми және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және зерттеу;
  • Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін кеңінен түсіндіруге және насихаттауға қатысу;
  • Халықаралық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу болып табылады.