Адам микробиомасы және ұзақ өмір сүру зертханасы

Зертхана жетекшісі: Алмагүл Кушугулова

Адам микробиомасы зертханасында Қазақстан Республикасының азаматтарының микробиомы зерттеулері жургізіледі; Функционалдық тамақтану және микрофлораны түзету жайлы, сондай-ақ нормативтік құжаттарды әзірлеу; Адам микрофлорасының сынамалары биобанкін жасау; Практикалық денсаулық сақтау қамтамасыз ету, биомедициналық ғылымның озық технологияларын пайдалана отырып, биологиялық материалды талдайтын өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпорындарға қызмет көрсету; Қоғамдық бірлестіктердің құру: адам микробиотасын зерттеушілердің Қазақстандық Ассоциациясы.

Негізгі бағыттар

• Адам метагеномы жөніндегі білім негізінде биомаркер іздестіру. Метагеномның аурулармен, жаспен, тағам талғаумен, экологиялық жағдайлармен және сыртқы орта факторларымен байланысын анықтау;
• Функционалды тамақтану өнімдерін және фармабиотиктер жасап шығару;
• Медициналық маңызды миркоорганизмдерідің, ДНҚ және пептидтердің Республикалық депозитариін құру;

Аяқталған және ағымдағы жобалар:

1. Қартаюға Қарсы медицина молекулярлық-генетикалық предикторлары дамыту.
2. Антигенотоксиндік әсері бар пробиотикалық субстанцияны табу.
3. Ішек микробимасының денсаулыққа және қартаю әсері.
4. Қалыпты және патологиялық жағдайдағы метагеномдық зерттеулер жүргізу.
5. Генетикалық расталған қасиеттері бар анықтамалық пробиотикалық штаммдар алу.
6. «Ұзақ өмір сүрушілердің әр түрлі биотоптарының микробиомының қасиеттерін басқа жас ерекшеліктегі топтармен салытыра отырып, зерттеу"
7. «Құрғақ ферменттелген пробиотикалық сусындарды алу үшін тәжірибелік-өнеркәсіптік регламенттер әзірлеу»