Миссия:
Жасыл Энергетика және Қоршаған Орта Зертханасы экология мен энергетика саласындағы тұрақты дамуға, Қазақстандағы экологиялық және энергетикалық зерттеулер хаттамасын жасауға басты назар аударады. Атап айтқанда, зертхана қоршаған ортаны ластаушы заттардың бағыты мен тасымалы, көміртекті жинақтау және жер қойнауына сақтау, суды және ағынды суларды тазарту технологияларын энергия өндірісімен дамыту, жасыл энергетика, ауа сапасын бақылау, энергетикалық және экологиялық саясаты сияқты ғылыми салаларда айтарлықтай үлес қосуда. Зертхана жан-жақты дамыған және бірнеше лабараториялық қондырғылар қол жетімді: қоршаған ортаны ластаушыны зерттеу, көміртегі секвестрінің лабораториялық тексерісі, су мен ағынды суларды тазарту құрылғысы, жасыл энергия көздері тест аймағы, газдандыру қондырғысы, сонымен қатар компьютерлік модельдеу және экологиялық және энергетикалық жүйелерде бағдарлама қолдану жабдықталған.
Орталық ұстанымы:
Экологиялық және энергетикалық ғылым мен техниканың әлемдік көшбасшысы болу
Зерттеу бағыты 1: Қоршаған Орта
- Улы қоспалардан тазартудың жаңа экологиялық нанокатализаторларын жасау
- Молекулалық динамика және кванттық физика есептеулерін қолдана отырып, каталитикалық реакциялардың механизмдерін анықтау
- Компьютерлік химия мәліметтер базасын қолдана отырып, интеллектуалды және селективті экологиялық катализаторлар жасау
- Қазақстанның табиғи ортасында улы химикаттардың стохастикалық қаупін бағалау
- Физико-химиялық / биогеохимиялық тазарту процестері (суды энергия өндірумен кешенді тазарту)
- Қоршаған ортадағы химиялық қосылыстардың тағдыры (органикалық, бейорганикалық және радиоактивті химиялық заттармен ластанған жер асты сулары мен топырақты тазарту)
- Табиғи және инженерлік жүйелердегі ластаушы заттардың тағдыры мен тасымалын болжаудың математикалық моделін жасау.
- Ішектегі уранның химиялық құрамын нано- және макро зерттеу
Зерттеу бағыты 2: Жасыл энергия
- Көміртекті Ұстау, Пайдалану және Сақтау (КҰПС)
- Әртүрлі геологиялық түзілімдерде СО2 сақтау
- Минералды көміртектену (ex-situ және in-situ)
- КҰПС техно-экономикалық талдауы
- Фотокаталитикалық CO2 тотықсыздануы
- Суды тазарту технологияларындағы парниктік газдар шығарындыларының ТӨЦ-і (Life-cycle assessment)
- СО2 және N2O гидраттарының түзілуі мен тепе-теңдігінің кинетикасына сипаттама
- Әр түрлі салаларда парниктік газдар шығарындыларын бағалаудың хаттамаларын әзірлеу.
- Қазақстанның энергетикалық жүйелерін техно-экономикалық модельдеу
- Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату технологиялары
- Таза көмір технологиялары
- Энергетикалық және экологиялық саясат
- Қазақстанның энергетикалық жүйесін талдау
Pages: 1 2 3