НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ЖҰМСАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ЖҰМСАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

August 9, 2018

Жалпы, наноматериалдар мен озық энергия тақырыбындағы мұндай басқосулар дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Бұл жолы отандық оқымыстылар фосфатты кәдеге жаратуға баса назар аударып отыр. «Яғни, металды қазбаға құрылымдық талдау жасау арқылы энергетикаға арналған инновациялық жобаларды жүзеге асырсақ», - дейді. Бұған дейін олар аккумулятор жасап шығаруға үлес қосқан еді. Сол сияқты баяндамада айтылған тың ойлар арнайы журналға басылып шығады. Ал, ғалымдар идеясын өнеркәсіп саласындағы мамандар мен инвесторлар қуаттап, қолдау танытса құба-құп.   Сунг-Соо Ким, Чунгнам Ұлттық университетінің профессоры: - Оңтүстік Корея аккумулятор өндірісінде жетекші ел екені көпшілікке мәлім. Осы себепті, біз бірлесе аккумулятор шығаруға қажет басқа да минералдық заттарды зерттеу үстіндеміз. Мәселен, натрий. Кореяда оқуын бітіріп келген студенттер сол тақырыпты әлі қаузап жүр. Сөйтіп тығыз қарым-қатынастамыз. Екі ел арасында ғылыми жаңалықтар ашу жолында ізденістеміз деуге болады.      

Нысаналы ЫҒЫЛ


қайнар көз: https://kaztrk.kz/news/bilim/nazarbaev-universitetinin-galymdary-sheteldik-ariptesterimen-beiorganikalyq-zattardy-halyq-igiligine-zhumsau-zholyndagy-zertteulerimen-bolisti-117286

 

Елордада наноматериалдар мен қуат сақтау жүйелеріне арналған конференция өтуде

Елордада наноматериалдар мен қуат сақтау жүйелеріне арналған конференция өтуде

August 8, 2018

Бүгін наноматериалдар мен қуат сақтау жүйелеріне арналған 6-халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтіп жатыр. Назарбаев университетінде бас қосқан отандық жəне шетелдік ғалымдар аталған сала бойынша пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісуде.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/257554-elordada-nanomaterialdar-men-uat-sa-tau-zh-jelerine-arnal-an-konferentsiya-tude

INESS-2018 басталуда

INESS-2018 басталуда

August 3, 2018

Құрметті әріптестер!
Сіздерді Наноматериалдар мен озық энергия сақтау жүйелеріне арналған 6-шы халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясына (INESS-2018) сонымен катар, Бейорганикалық фосфат материалдарына арналған 10-шы халықаралық симпозиумына 2018 (ISIPM-10) шакырамыз. Конференция Астана қаласының Назарбаев Университетінде 8-10 тамыз аралығында өтеді, оның ұйымдастырушылары: Назарбаев Университеті (NU), National Laboratory Astana (NLA), «Аккумуляторлар институты» ЖШС және Жапон фосфорлық химия ассоциациясы. 
Мұқият тексерулер мен рецензенттің түсіндірмелеріне сәйкес өзгертулерден кейін конференцияда баяндалған жұмыстар жинақ түрінде импакт-факторы жоғары журналда басып шығарылады. Конференцияға әлемнің озық елдерінен келген ғалымдар қатысады және материалтану, нанотехнология, экология, қайта қалпына келетін энергия көздері және энергия сақтау жүйесі саласындағы дамулар мен мәселелер жөнінде өз зерттеулерімен бөліседі. Бірлескен конференцияның барысы бірнеше телеарналарда, газеттерде және Интернет-сайттарда қамтылады. Конференция ашық іс-шара болып табылады,  және академия, өнеркәсіп саласындағы мамандар және инвесторлар қатыса алады. Біз бірнеше серіктес компаниялардың және инвесторлардың қатысуын күтеміз.

INESS конференциясы елімізде 2013 жылдан бері өткізіліп келуде (Астана, Алматы қ.). 2018 жылы конференцияға Жапония, Корея, Франция, Қытай, Ресей, Канада, БАӘ, Ұлыбритания, Түркия және Қазақстан мемлекеттерінен келген жетекші ғалымдары мен студенттері қатысады, сонымен қатар материалтану, нанотехнология, экология, қайта қалпына келетін энергия көздері және энергия сақтау жүйесі саласындағы жаңа жетістіктер мен мәселелер жөнінде өз зерттеулерімен бөліседі.

Қосымша ақпаратты www.INESS2018.com  ресми сайтынан ала аласыздар. Алдағы өткен конференция жөніндегі ақпаратты INESS-2016, INESS-2017 сілтемесі бойынша табуға болады.

Сіздермен INESS-2017 конференциясында кездесуді асыға күтеміз!

Құрметпен,

Ұйымдастырушы комитет төрағасы

Профессор Жұмабай Бакенов,

Инженерия мектебі, Назарбаев Университеті,

«Институт аккумуляторов» ЖШС,

Қабанбай батыр даңғылы, 53 Астана 010000 Қазақстан

Тел.: +7 7172 70 65 30; Email: zbakenov@nu.edu.kz

Веб-сайт: https://nu.edu.kz, batterykazakhstan.com