АЭФ: Ұзақ жасаудың сыры

АЭФ: Ұзақ жасаудың сыры

May 10, 2018

Бағдарлама қонағы Аяулым Нурғожина, National Laboratory Astana орталығының ғылыми қызметкері.

АЭФ: Бүгінде барлық елдің ғалымдары адам өмірін ұзарту жолдарын іздестіріп жатыр. Қазақстандық мамандар да бұл бағытта өз зерттеулерін жүргізіп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді

АЭФ: Бүгінде барлық елдің ғалымдары адам өмірін ұзарту жолдарын іздестіріп жатыр. Қазақстандық мамандар да бұл бағытта өз зерттеулерін жүргізіп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді

May 8, 2018

Адам баласының өмір жасын ұзартуға әлем ғалымдары ден қойып отыр. Елордада өтетін Астана экономикалық форумының басты тақырыптарының бірі де осы – ұзақ жасау. Алқалы жиын аясында экономика сарапшылары осы өзекті мәселені қаузап, оны шешу жолдарымен бөліседі. Біздің елде де бұл бағытта атқарылып жатқан істер бар. Бүгінде барлық елдің ғалымдары адам өмірін ұзарту жолдарын іздестіріп жатыр. Қазақстандық мамандар да бұл бағытта өз зерттеулерін жүргізіп, айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Жақында ел нарығына адам денсаулығына пайдасы мол «Нәр» синбиотигі шығарылды. Айта  кетерлігі, кез келген адамның бұл өнімді дүкен сөрелерінен сатып алуға мүмкіндігі бар. Бағасы да қолжетімді.

Арайлым Зият, адам микробиомасы және ұзақ өмір сүру зертханасының ғылыми қызметкері: - Нәрдің басқа сүт өнімдерінен ерекшелігі, бұның құрамына кіретін ингредиенттер. Сүт ашытқысы ретінде ерекше 5 пробиотикалық штамдар қолданылады. Ол штамдарды біз қазақ ұлттық тағамдарынан оқшауланып алғанбыз. Мысалы, қымыз, шұбат, айран атты тағамдардан. Нәр сүт өнімі ғана емес, функционалдық тағам болып келеді. Өйткені оған ашытқылардан басқа, инулин, пектин және коллаген кіреді. Осы қоспалар нәрдің уникалды функциясы – ішектің жұмысын арттыруға, аллергияның теріс эффектісін азайтуға немесе иммунитетті күшейтуге арналған. Адам өмірін ұзарту үшін ойлап табылған бірегей өнімнің пайда болуы ел экономикасы мен бизнеске де оң әсерін тигізіп отыр. Оны шығару мақсатында жаңа өндіріс пен жұмыс орындары ашылды. Жылдан-жылға отандық ғалымдардың зерттеулері кәсіпкерлер тарапынан қолдау тауып,  нәтижесінде коммерциялық жобаларға айналып келеді.

Әнуарбек Сұлтанғазин, «Ғылым қоры» АҚ президенті: - Адамның өмір сүру сапасы жоғары деңгейде болады. Әркім кешке ішіп отырса дейміз. Барлық тексерістен өткен. Өте пайдалы, сапалы. Содан кейін коммерциализацияға беріп, сарапшылар жоғары баға берді. Ұлттық ғылыми кеңес қарады. Соңғы уақытта елімізде өмір сүру ұзақтығы шамамен 6 жылға артты. Ал өлім көрсеткіші 30 пайызға төмендеді. Адам өмірінің ұзақтығы мен сапасы кез келген елдің экономикасына тікелей әсер ететіні баршаға мәлім. Қазір егде адамдар 70-75 жасқа дейін жұмыс істеп, ерекше белсенділік танытып келеді. Бұл жастағы азаматтардың дені  экономиканы дамытуға қауқарлы. Бейнеттің зейнетін көріп жүрген олар әлі де қоғамға өз үлесін қосуға әзір. Осыған орай биыл Астана экономикалық форумының қатысушылары да осы бір өзекті тақырыпты жан-жақты талқыламақ.

Авторлары: Дариға Ташенова, Ерлан Наурызбаев, Жандос Битабаров